Спорт • 30 Қыркүйек, 2018

Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Кениядан ұтылды

511 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапонияда волейболдан әйелдер арасындағы әлем біріншілігі басталды. D тобында сынға түскен Қазақстан командасы алғашқы матчта Кениядан ұтылды, деп хабарлайды ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі.

Волейболдан әлем чемпионаты: Қазақстан Кениядан ұтылды

Қазақстандықтар үш партия қорытындысы бойынша жеңіліс тапты. Есеп: 23-25, 22-25, 21-25. Кездесу Жапонияның Хамамацу қаласында өтті. Біздің құрама сапынан ең көп ұпайды Сана Анарқұлова жинады. Оның еншісінде 11 ұпай бар.

Қазақстан волейболшылары Пуэрто-Рикоға қарсы ойнайды.