Қазақстан • 30 Қыркүйек, 2018

Меркіде мұнай өңдеу зауыты іске қосылады

427 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Меркі ауданында мұнай өңдеу зауыты ашылып, 70 адам жұмыспен қамтылады, деп хабарлайды Меркі ауданының баспасөз хатшысы.

Меркіде мұнай өңдеу зауыты іске қосылады

Меркі ауданының әкімі Мейірхан Өмірбековтың айтуынша, «Са-Ба ЛТД» ЖШС-нің құны 662 млн теңгені құрайтын шағын мұнай өңдеу зауытын реконструкциялау жобасына облыс әкімдігі қолдау көрсетіп отыр. Қазіргі таңда зауытта құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. «Мұнай өңдеу зауыты 2018 жылдың желтоқсан айында іске қосылады деп күтілуде. Соның арқасында 70 адам еңбекпен қамтылады», деді аудан әкімі.