Медицина • 01 Қазан, 2018

Қарияларға сый-сияпат жасалды

709 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қарияларға сый-сияпат жасалды

Қарттар күні мерекесіне орай ­аудандарда асыл қазынамыз саналатын аға буынға құрмет көрсетілуде. Әрине арнайы ұйымдастырылатын сый-құрметке қариялардың көңілі бір марқайып қалатыны анық. Оларға бөлінген көңіл мен мемлекеттік қызметтегі азаматтардың арнайы келіп хал-жағдай сұрағаны қымбат. 

Түркістан облысының Мақтаарал ауданында қарттар күніне орай аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Атакент өңірі бойынша жалғызілікті қарттар мен мүгедектерге үйде көмек көрсету бөлімшесінің меңгерушісі Айсұлу Бекназарова демеушілерді ұйымдастырып, қарияларға көмек көрсетті. Атакент өңірінде мекен ететін жалғызілікті қарттардың үйлеріне барып, көңіл күй сыйлап, қуанышқа бөледі. Сондай-ақ аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Норбаевтың бастамасымен жалғызілікті және әлеуметтік жағдайы төмен 90 қарияға сый-сияпат ұйымдастырылып, азық-түлік таратылды.

Ғалымжан ЕЛШІБАЙ,

«Егемен Қазақстан»

Түркістан облысы