01 Қазан, 2018

Жаңа түйісу нүктесі - Үстірт қыраты

1007 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Жаңа түйісу нүктесі - Үстірт қыраты

Сондай Түйісу нүктесінің бірі Қазақ­стан, Өзбекстан және Түрікменстан Рес­пуб­­ликалары шекаралары баста­латын Маңғыс­тау облысындағы Үстірт қы­ра­­­тын­да бел­гіленген. Үстірт ежелден сая­­хат­ш­ылар мен географтар­дың, кен бар­лау­­шы­­лар­дың назарын аударып келе жат­қан мекен. Міне, осы қыратта аталған үш мем­лекет шекараларының Түйісу нүкт­есі бел­гі­­ле­нетіндігі туралы шартқа үш елдің Мемл­екет басшыларының қол­дауымен Сыртқы істер министрлері Өзбек­стан­ның Самарқанд қаласында 2017 жылғы 10 қарашада қол қойған. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысы­на шы­ға­рылған келісімді ратифи­кация­­лау тура­лы заң жобасын талқылау ба­ры­­сын­да Сырт­қы істер министрінің бі­рін­­­ші орын­­басары Мұхтар Тілеуберді баян­­­дап бер­ді. Бұл шарт мерзімсіз және де­но­н­­­са­­­ция­л­ауға жатпайды. Демек одан еш­­қа­­­шан бас тартуға болмайды деген сөз. М.Тілеу­берді өзінің сөзінде «шартты ра­­ти­­­­фи­­ка­циялау – Қазақ­стан, Түрік­мен­­­­­­стан және Өзбекстан мемлекет­тік ше­­к­­­ар­а­­ларын дел­имитациялау процесін аяқ­­­­­т­ау­­ға, аумақ­тық даулар туындауының ал­­­­­­дын алып, жоюға, еліміздің ұлттық қауіп­­­­с­­і­з­­­­д­і­гін нығайтуға ықпал етеді» деді. 

Заң жобасын талқылауға қатысқан депутат Жексен­бай Дүйсебаев Түйісу нүктесінің геогра­фия­лық орны бұрынғы кеңестік координаталар жүйесімен геодезиялық және топо­графиялық карта бойынша ай­қын­­далғанын айта келіп, Балтық теңізі биік­тіктер жүйесі бойынша анық­та­латын, 1942 жылдан бері қолданылып кел­ген коор­динаталар ескіргендіктен ұлт­­тық коор­динаталар жүйесі қашан жаса­­лады деген сұрақ қойды. Оған осы тал­қы­лауға қа­тысқан Ауыл шаруа­шылы­ғы министрі­нің бірінші орынбасары Арман Евниев жауап беріп, бұл істі жасау үшін қазір бірнеше ведомство бір­лесіп, жұмыс тобын құрып қолға алға­нын, Ұлттық координаталар жүйесі алды­мыз­дағы 5-6 жылда дайын болатынын айтты.

Депутат Құралай Қарекен Түйісу нүктесі орналасқан жер өзбекше «Шор қазақ­лы» деп аталатынын, ал мұны түрік­­мендер «Қазақлы сор» деп атайты­нын, ал қазақша атауы мүлде жоқ екені­­не назар аударып, осының өзі ке­йін талас ту­дыр­май ма деп сұрады. Жауап­­та бұл мәселенің өте өзекті болып, құ­­жа­­т­ты әзірлеу барысында да назар аудары­л­ғандығы айтылды. «Біз Қазақстанның географиялық атауларының мемлекеттік каталогына да жүгіндік, бірақ нақты қазақша атау таппаған соң, осы екі атау­ды мойындауға келістік», деді вице-министр.

Міне, осындай қызғылықты сұрақ­тармен, орынды талқылау­лармен заң жобасы мақұлданып, Сенаттың қарауына жіберілді. Бұл заң жобасы еліміздің шекарасын шегендей түсудегі тағы бір нақты қадам болғаны хақ. 

Жақсыбай САМРАТ,

«Егемен Қазақстан»