Әдебиет • 01 Қазан, 2018

Бүгін белгілі жазушы Спандияр Көбейұлының туғанына 140 жыл толды

2278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін - 1878 жылдың 1 қазанында қазіргі Қостанай облысы Меңдіқара ауданында дүниеге келген Спандияр Көбеевтің 140 жылдығы. 

Бүгін белгілі жазушы Спандияр Көбейұлының туғанына 140 жыл толды

Қазақ жазушысы, қоғам қайраткері, аудармашы, педагог Спандияр Көбеев Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ-орыс мектебінде сауат ашып, Қостанайдағы бастауыш сынып мұғалімдерін дайындайтын училищеде білім алған. Ыбырай Алтынсариннің ізін қуып, жолын жалғастырған Спандияр Көбеев балаларға орыс тілі мен әдебиетін оқытқан. Тұңғыш кітабы "Үлгілі тәржіме" деген атаумен 1910 жылы Қазанда баспа бетін көрді. 

Ұстазы Ы.Алтынсариннің ізімен балаларға арналған оқу құралын жазуды қолға алған С.Кебеев 1912 жылы Қазан қаласында "Үлгілі бала" кітабын бастырады. Бастауыш сынып балаларына арналған бұл оқулықта ол өзінің төл шығармаларын, орыс классиктерінің балаларға арналған әдебиет үлгілерін, қазақтың ауыз әдебиеті түрлерін, орыс мысалшыларының еңбектерін кіргізді. Надандыққа, ескішіл, сорақы салтпен күресу мақсатында ағартушыға көмекші құралдардың бірі - көркем әдебиет деп берік шешімге келген Спандияр Көбеев "Қалың мал" романын жазады.

1939 жылы ол оқу-ағарту саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін Ленин орденімен марапатталды.

1944 жылы "Қазақ КСР-на еңбегі сіңген мүғалім" атағы берілді.

1949 жылы екінші рет "Ленин" орденін кеудесіне таққан.