Қазақстан • 02 Қазан, 2018

Астанада II халықаралық этникалық сән марафоны өтеді

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясы елорданың 20 жылдығына арналған  II халықаралық этникалық сән марафонын өткізеді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Астанада II халықаралық этникалық сән марафоны өтеді

Марафон мақсаты – «этно-стиль» бағытында жұмыс істейтін дизайнернерлердің басын біріктіру.

II халықаралық этникалық сән марафонына қатысуға жас дизайнерлерді, құрылымдаушы-сәнгер мамандығы бойынша білім алып жатқан жоғары және кәсіби техникалық оқу орындарындағы студенттерді, этномәдени бірлестіктердің, сондай-ақ бизнес қауымдастығының өкілдерін мен басқа да қызығушылық танытқан азаматтар қатыса алады.

Сәндік марафон аясында бірегей қолөнер бұйымдарының көрмесі мен қолөнершілердің шеберлік сыныптары өткізіледі.