Саясат • 02 Қазан, 2018

Еуроодақ Италияның жаңа бюджет жоспарын сынға алды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еуроодақ Римді сынға алуда. Италия ішкі жалпы өнім тапшылығы 2,4%-ды құрайтын бюджет жобасын бекітті, деп хабарлайды Euronews.

Еуроодақ Италияның жаңа бюджет жоспарын сынға алды

«Лига» мен «5 жұлдыз қозғалысы» партиялары жұмылып бұл мәселеде мемлекеттің қаржы министрі Джованни Триаға қарсы келді. Қаржы министрі мемлекеттің қарызын төмендетуге негізделген жобаны қолдайды. Алайда, екі партия шығынды ұлғайтуды мақұлдап отыр. Бұл өз кезегінде мемлекеттік қарыздың да өсуіне алып келеді.

Еуро комиссия жалпы ішкі өнім тапшылығын 1,9%-дан өсіру Италия экономикасына пайда әкелмесін, мемлекеттің қарызын бақылау көрсеткішіне зарар тигізетінін айтуда. Ал ол 130%-дық ІЖӨ құрайды. «Біз Италияның қарыз көрсеткішін төмендеткенін қалаймыз» - деді қаржы мәселесі комиссары  Пьер Московиси.

Италия мемлекетіне бюджет саясатын өзгерту 30 миллиард евро тұрады. Жәрдемақы мен зейнетақыға жылына 17 миллиард евро жұмсауды жоспарлаған мемлекеттің жаңа бюджеті жұмыссыздар мен аз жалақы алатын азаматтардың айлық кірісін 780 евро деп белгілеуде. Сонымен қатар, 1 миллионнан көп жұмысшыға салықты 15%-ға дейін төмендету және жасы ұлғайған жұмысшыларды зейнетке ерте шығару арқылы 400 мың жұмыс орнын жастарға босату жоспарлануда.