Аймақтар • 03 Қазан, 2018

Экспортқа бағытталған үш жоба іске қосылады

403 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысында индустрияландыру бағдарламасы аясында өндірісте жаңа технологияларды қолданылатын, өнімі экспортқа бағытталған бірнеше жоба пайдалануға беріледі.

Экспортқа бағытталған үш жоба іске қосылады

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-конференцияда облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Жанар Берденова Қызылорда қаласыныңда салынып жатқан Шыны зауытының Жапония мен Қытайдағы зауыттан кейін қазіргі заман талабына сай жабдықталуы жағынан үшінші орын алатындығын айтты. Сондай-ақ, бағдарлама шеңберінде «Арал-тұз» серіктестігі ас және техникалық тұз өндіретін екі испан цехын іске қоспақ. Бұл дегеніңіз, мыңнан аса адамды тұрақты жұмыспен қамтумен қатар айлық жалақыларын алпыс пайызға дейін көбейтуге мүмкіндік береді.

- Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласында «Қызылорда электр тарату тораптары компаниясы» «Смард Грид» таза өндіріс технологиясын енгізу мақсатында «Siemens» өкілдігімен 2018 жылдың ақпан айында меморандумға қол қойылған. Сонымен қатар, «Хора- сан» серіктестігі финдық «ПоларСол» (PolarSol) компаниясының «Жылуды интеллектуалды басқару жүйесі» технологиясын сатып алу үшін тиісті келісім жобасы әзірленіп, екі жақ тараппен қарастырылуда,–дейді облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары.

Биылғы жылдың жағымды жаңалығы, шыны зауыты мен цемент зауытының құрылысы аяқталады. Сонымен қатар Арал ауданында балықты терең өңдейтін кәсіпорын жұмысын бастайды.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы