Медицина • 03 Қазан, 2018

Тамақтанудың жаңа талаптары ескеріледі

335 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылорда облысындағы 279 мектептің 152 мың оқушысына ыстық ас беріледі.

Тамақтанудың жаңа талаптары ескеріледі

Оқушыларға арналған төрт апталық тамақ рационы Қазақ тағамтану Академиясының мамандарының мақұлдауымен дайындалады. Негізінен аз қамтамасыз етілген отбасы балаларының 25 мыңы тегін тамақтанады. Осы мақсат үшін мемлекет тарапынан қаржы бөлінген.

Тағам дайындауда ерекшеліктер жоқ емес. Өткен жылы Жаңақорған ауданында 25 оқушы астан уланып, дабыры республикаға жеткен еді. Эпидемиологтар оқушылардың жұмыртқа және қарақұмық ботқасынан уланғанын анықтаған. Сондықтан, Білім орындарынан бөлек мемлекеттік сатып алуды жеңіп алған кәсіпкерлер және облыстық денсаулық сақтау басқармасы арасында үш жақты келісімге сәйкес күмәнді тағамдарды шектеу күн тәртібіне қойылып отыр.

Тосын жағдайға ұшырамау, балалардың денсаулығына залал келтірмеу үшін ата-аналар мен түрлі салалардың өкілдігінен құралған комиссия жоспар жасап, мектеп асханаларына тексеру жасап тұрмақ.

Бақтияр ТАЙЖАН,

«Егемен Қазақстан»

Қызылорда облысы