Аймақтар • 03 Қазан, 2018

Қостанайда Ұлттық тестілеу орталығы республикалық семинар өткізді

1041 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Білім және Ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы өкілдерінің қатысуымен «ҚАЗТЕСТ жүйесі: жетістіктері мен даму болашағы» атты республикалық оқыту семинарын өткізді.

Қостанайда Ұлттық тестілеу орталығы республикалық семинар өткізді

Семинар жұмысына тілдерді оқыту орталықтарының басшылары, әдіскерлері және қазақ тілі пәнінің оқытушылары қатысты.  Оған 60 адам қатысты. Семинарды ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының ҚАЗТЕСТ жүйесін дамыту жөніндегі басқарма басшысы Мәншүк  Мұқаметқали және ҚР Білім және Ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Тест тапсырмаларын қалыптастыруды ұйымдастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының жетекші сарапшысы Жанар Әділбекова өткізді.

Семинарда ҚАЗТЕСТ жүйесінің құрылымы және құрылу тарихы туралы, рөлі мен маңыздылығы, тапсырмалардың мазмұны, тілдік дағдыларды бағалауға арналған тапсырмалардың бағыт дәрежесі, ересек азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейі туралы толық ақпарат берілді.

Іс шараның соңында семинар қатысушыларына сертификаттар табысталды.

Нәзира ЖӘРІМБЕТ,

«Егемен Қазақстан»

Қостанай