Астанада ІІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтті

Бүгін елордада Қазақстан ұлттық құрамасын 6-18 қазан аралығында Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өтетін ІІІ жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына шығарып салу рәсімі өтті, деп хабарлайды  ҰОК баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
03.10.2018 483
2

Аталған іс-шараға Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті мен ҚР мәдениет және спорт Министрлігінің өкілдері, бапкерлер мен спорттық делегацияның жалпы құрамы қатысты. Жасөспірімдер Олимпиадасында Қазақстан намысын спорттың 22 түрі бойынша 57 спортшы қорғайды (тізім қосымшада). Отандық спортшылар жасөспірімдер Олимпиадасына 41 жолдама жеңіп алды. Биыл жасөспірімдер Олимпиадасына қатысатын қазақстандық спортшылар саны әлдеқайда көп.

«Сіздер спорт әлеміне енді қадам бастыңыздар. Көпшілігіңіз үшін Аргентинадағы дода өмірлеріңіздегі ең ірі жарыс болары анық. Жылдар бойы жаттығу залында төккен тердің өтеуі  - намысты қолдан бермей, әлемдік сында абыроймен оралу болмақ. Сол себепті, бүкіл әлем тіккен додада Қазақстан намысын сіздерге сеніп тапсырдық. Жасөспірімдер Олимпиадасы сіздердің болашақ жеңістеріңізге жол бастайын дода болмақ. Бұл ірі жарыстардың рухын сезінуге көмектеседі. Жасөспірімдер Олимпиадасы сіздердің спорттық ғұмырларыңыздың іргетасы болары сөзсіз!» деді Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Спорт дирекциясының директоры Елсияр Қанағатов.

Жасөспірімдер Олимпиадасының ашылу салтанатында Қазақстан байрағын 18 жастағы боксшы Дамир Тойбай алып шығады. Ол биыл өткен Азия чемпионатының жеңімпазы.

«Біз – ұлттық құрама мүшелері, аталған ойындарда әлемнің ең мықты атлеттерімен күш сынасып, Қазақстан халқының намысын қолдан бермей, жеңіске жетуге, туымызды тек биікте желбіретуге бар күш-жігерімізді саламыз. Еліміздің көк байрағы маған сеніп тапсырылды, сондықтан да бұл мәртебенің қаншалықты жауапкершілік жүктейтінін сезінемін. Өзіме көрсетілген зор сенімді ақтауға тырысып, туымызды спорттық аренаның биігінде алып өтеміз және осы халықаралық сайыста абыроймен ораламыз деп, уәде беремін!», деді Дамир Тойбай.

Бокстан Олимпиада чемпионы, бүгінде олимпиадалық даярлау орталығында жас спортшыларды тәрбиелеп отырған Ермахан Ыбырайымов жастарға ақ жол тіледі.

Қазақстан ҰОК өкілдері осы аптаның басынан бері Аргентина астанасында жүр. Олар ұлттық спорттық делегацияны қарсы алуға дайындалуда. Ашылу салтанаты 6 қазан күні, тарихта алғаш рет қала орталығындағы ашық алаңда өтеді. Қаланың ең көрікті аймағы Обелиск маңында өтетін салтанатты шараны кез-келген адамның тамашалауына мүмкіндік бар.

Айта кетейік, III жазғы жасөспірімдер Олимпиадасы 6-18 қазан аралығында Буэнос-Айресте өтеді. Төртжылдық додасына 206 елден 15-18 жас аралығындағы 3926 спортшы қатысады. 32 спорт түрі бойынша медальдар жиынтығы сарапқа салынады. Олимпиадалық қозғалыс тарихында алғаш рет жасөспірім ұлдар мен қыздардың саны теңесті – 1963 адам. Жарыс бағдарламасына алғаш рет брейк-данс, каратэ, спорттық құзға өрмелеу, роллер-спорт, жағажай гандболы және футзал енді.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

21.03.2019

Елордада Наурыз мерекесі тойланды

21.03.2019

«Астана Опера» Наурызды жаңа форматта атап өтті

21.03.2019

Біз астаналықтар болып қала береміз - Бақыт Сұлтанов

21.03.2019

Таразда сауықтыру орталығы ашылды

21.03.2019

Әулиеатадағы әсерлі мереке

21.03.2019

Тараз қаласында жастарға арналған аллея ашылды

21.03.2019

Ономастикалық комиссия көше атауларының өзгеруін қолдады

21.03.2019

Назарбаев пен Тоқаев Наурыз мейрамына қатысты

21.03.2019

Наурыз мейрамын ЮНЕСКО-да атап өтті

21.03.2019

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

21.03.2019

Астанадағы Наурыз тойына Нұрсұлтан Назарбаев пен Қасым-Жомарт Тоқаев қатысты

21.03.2019

Президент кеңсесіне жаңа басшы келді

21.03.2019

Ерлан Баттақов Президенттің іс басқарушысы болып тағайындалды

21.03.2019

Футбол: Бүгін Шотландияға қарсы ойнаймыз

21.03.2019

Мәнерлеп сырғанау: Алғашқы жүлдегерлер анықталды

21.03.2019

Көкшетаудағы Максим Горький көшесі Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы болып өзгерді

21.03.2019

Талдықорғандағы Тәуелсіздік көшесінің атауы Нұрсұлтан Назарбаевтың есімін иеленді

21.03.2019

Кәсіпкер көпбалалы отбасына 3 бөлмелі пәтер сыйлады

21.03.2019

Астана маңындағы елдімекендерде Наурыз мейрамы тойлануда

21.03.2019

Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылы Нұрсұлтан Назарбаев көшесі болып өзгертілді

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан»

Etjeńdi balalar

Qoǵam kóz jumyp qaraı almaıtyn máse­lelerdiń basynda bala densaýlyǵy tur. Bú­gin­de mańaıymyzǵa zerdelep qaraıtyn bolsaq, tyǵynshyqtaı, tolyq jasóspirimder kó­beıe túsken. Semizdik – aýrý bolyp esep­teletindikten, qazirgi ýaqytta dıspanserlik esep­ke alynady. Sábı saýlyǵy ana qursaǵyna bit­­ken kúnnen bastap qalyptasatyndyǵyn al­dymen ata-anasy túsinýi qajet.

Amangeldi QURMET,

Igi bastama ult tanymymen úılesýi tıis

Keıde qazaq qoǵamyndaǵy oqıǵalar men qubylystarǵa nazar aýdarǵan kezde «Biz ózi­mizimdi ózimiz tolyq tanymaımyz-aý osy» degen oıǵa qalatynymyz bar. Árıne, qa­zaq ekenimizdi, bizdiń de tanym-túısigimiz, dúnıetanymymyz, ar­man-ańsarymyz, muraty­myz bar ekenin bilemiz. 

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Алты жасар Алпамыстың арманы не еді?

«Білесің бе, оқитын болсам тез өсіп, үлкен бастық болам. Оқуды да тез бітіремін. Тез келіншек аламын. Сосын менің он екі ұлым болады. Оның бірі колхоз бастығы, екіншісі агроном, үшіншісі мұғалім, бәрі де үлкен-үлкен бастық болады...»

Думан АНАШ, «Егемен Қазақстан»

Kúmis tostaǵandaǵy kóne álipbı

Kóne órkenıet oshaqtarynan urpaqqa mura bolyp qalǵan qundy dúnıelerdiń bi­ri – adamzattyń aqyl-oıyn taspalaǵan jazý­lar. Elbasy «Uly dalanyń jeti qyry» atty ma­qalasynda Esik qorymynan tabylǵan «Altyn adamnyń» janyndaǵy kúmis tosta­ǵan­dardyń birinde oıyp jazylǵan tańba­lar bar ekenin aıta kelip, «Bul – Ortalyq Azıa aýma­ǵynan buryn-sońdy tabylǵan jazý ataýlynyń ishindegi eń kónesi» degen bolatyn.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

«Jaqsy kitap – jan azyǵy»

Kitap oqıtyn jáne oqymaıtyn adamdardyń alshaqtyǵy árqashan kózge kórinip turady. Alǵashqylardyń oıy tereńdeý, tili sheshendeý bolsa, sońǵylardyń tili tutqyr, aýzynan sózi túsip turatynyn jıi kóresiz. Máseleni jaqsy bilip tursa da, ondaılar oıyn jetkize almaı, ábden qysylady.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Айганым (02.11.2018 22:51:14)

Все больше молодежи участвует в подобных мероприятиях. Олимпиады - отличный стимул для личного роста

Пікір қосу