Футбол • 03 Қазан, 2018

Қазақ футболы енді смартфонда

420 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футбол федерациясы мобильді қосымшасын іске қосты.

Қазақ футболы енді смартфонда

Қазақстан футбол федерациясы Android және iOS базаларының құрылғыларына арналған мобильді қосымшаның іске қосылғанын хабарлайды.

Қазақстан футболының барша жанкүйерлері арнайы қосымшада өзекті жаңалықтарды оқып, фото және бейне репортаждарды қарай алады.

Қосымшаны Google Play және App Store ресми дүкендерінен тегін жүктеп, орнатуға болады.