Әлем • 03 Қазан, 2018

Жер сілкінісі болған индонезиялық аралда жанартау оянды

540 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жер сілкінісі болған индонезиялық Сулавеси аралында Сопутан жанартауы оянды, деп хабарлайды ria.ru.

Жер сілкінісі болған индонезиялық аралда жанартау оянды

© AP Photo / Hetty Andih

Жанартау атқылауы жергілікті уақыт бойынша таңғы сағат 9-да басталды. Мамандардың айтуынша, жанартау түтіні батыс және солтүстік-батыс бағыттарына дейін жетеді. Алайда бұл Оңтүстік-Шығыстағы Манадо қаласындағы әуежай жұмысына кедергі келтірмейді.

Сопутанның жанындағы ауылдарда тұратын жергілікті тұрғындар лаваның құйылу мүмкіндігі туралы ескерту жасады. Сондай-ақ олар жанартаудан 4-6,5 шақырым радиустағы аймақтарға бармауға кеңес береді.

Индонезиялық табиғи апаттардың салдарын жою басқармасының өкілдері қауіпті аймақтағы тұрғындарға  арнайы бетперделер таратты.

Естеріңізге сала кетейік, 28 қыркүйекте Палу қаласының маңындағы Сулавеси жағалауында магнитудасы 6,1 жер сілкінісі болды. Кейінірек дәл сол ауданда 7,4 магнитудадағы тағы бір жер сілкінісі тіркелген. Салдарынан Палуға биіктігі екі метрге дейін жететін цунами көтерілді. Соңғы мәліметтер бойынша, 1,4 мыңнан астам адам қаза тауып, 60 мыңнан астам тұрғын баспанасыз қалды.