Саясат • 04 Қазан, 2018

«Брекситтің» автокөлік өндірісіне әсері қандай болмақ?

301 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париждегі Халықаралық өндірушілер көрмесіне жиналған автокөлік алыптары Ұлыбританияның Еуропа одағынан шығу салдары алаңдататынын жасырмады, деп хабарлайды Euronews. 

«Брекситтің» автокөлік өндірісіне әсері қандай болмақ?

Ұлыбританиямен сауда қатынасының қиындауы автокөлік өндірушілерін де бей-жай қалдырмады. Мәселен, Toyota Motor Europe компаниясының маркетинг және сату бөлімінің вице-президенті  Мэттью Харрисон «Британдық автокөлік өнеркәсібінің қазіргі жағдайы, жеткізу жолдары – барлығымызды алаңдататын мәселе», деді. Ал Renault-Nissan-Mitsubishi компаниясының басшысы Карлос Госн «Қазіргі жағдай қандай да бір шешім қабылдау үшін қолайсыз, өйткені ертең не болары беймәлім», дейді.

BMW компаниясы кез-келген жағдайға дайын болғанымен, жақсыға үмітті. Олар «брекситтен» кейінгі күтілетін жағдайларға дайындалып қойған. Компания басқармасы Ұлыбритания келісімге келмеген жағдайда, Оксфордтағы зауыттардың біріне жыл сайынғы қызмет көрсету мерзімін келер жылдың 31 наурызына шегіндірген. Карлос Траверстің ойынша, саясаткерлер еркін сауда мәмілесіне келмесе, Біріккен Королдіктегі жұмыс орны мен өнеркәсіпке де кері әсерін тигізеді.

Егер Ұлыбритания Еуроодақтан нақты келісімсіз шықса, ДСҰ-ның ережесіне сай стандартты тарифтерге оралу қосымша миллиардтаған шығынмен қоса еркін сауда жүйесінің құлдырауына да алып келуі мүмкін.