Аймақтар • 04 Қазан, 2018

Қайнар Олжай. Өзгерген менің өз жерім

868 рет
көрсетілді
16 мин
оқу үшін

Өзін бір көрмеген Даниал Ахметовке сыртынан риза болып жүрген біз ғана ма екенбіз, әлде басқалар да бар ма!

Қайнар Олжай. Өзгерген менің өз жерім

Жыл сайын туған жерге – Шығыс Қазақстандағы Ақ­суат өңіріне барып қайтамыз. Тарбағатайдың ауасымен екі күн тыныстасаң қос өкпең бір жылғы тозаңнан тазарып шығады. Қайтарда Мақаншы айналып Алакөлге соғамыз. Екі күн шомылсаң, бір жылғы шар­шағаның ұмытылады. Осы рахатымызға Аягөзден шы­ғып Ақсуатқа қарай жүретін жол­дың азабы көлеңке түсі­ретін. Осыдан төрт жыл бұ­рын Инвестициялар жә­не­даму министрлігінің Авто­мо­биль жолдары комитетінің бас­шылары журналистермен­ жүздескенде Аягөз бен­ Ақсуат арасы қашан жөнделерін сұра­дық. Олардың айтуынша, бұл жолмен тәулігіне тек екі автобус жүреді-мыс. Экономикалық тиімділігі жоқтықтан жөндеу қарастырылмаған. 

Осы жолдың Тарбағатай ауы­лына дейін бөлігіне ас­фальт­ төселгенін көріп таң­ғал­­дық. Тарбағатайдан әрі және Ақсуаттан бері қарай екі жақ­тан тастақ жолды асфальт­тап жатыр. Сөйтсек осы жол­мен Шығыс Қазақстан облы­сының әкімі Даниал Ахметов жүріп «мынау сұмдық» депті. Ойрандалып жатқан жолды сай­рандап өтер тегіс жолға ай­налдырыпты. 

Тура осындай оқиға Се­мей – Қарауыл арасында қай­таланған. Әкім алғаш Абай ауда­ны ахуалымен танысуды мақ­сат еткенде тікұшақпен топ ете қалудан бас тартады. Се­мей­ден автокөлікке отырып «Абай жолы» деген жазуы бар трас­саға түседі. Шамасы, жол бойы Абай жайлы толғанғысы кел­ген шығар. Ойқы-шойқы жол Даниал Кенжетайұлын бас­қа ойларға жетелеген. Де­реу осы халық көп жүретін жол­ды жөндеттіреді. Сол сапар бары­сында облыс әкімі Абай ауданының орталығына жүзу бассейнін салғызуға шешім қабылдап, кешікпей өзгеше кешен Қарауыл тұрғындарының игілігіне берілді. 

Енді жол туралы сөзді жал­ғайық. Республика бойынша автомобиль жолы ең ұзын облыс – Шығыс Қазақстан. Бірақ оны асфальттау жағынан алтыншы орыннан аспапты. Бұл мәселені Даниал Ахметов назарда ұстап, 2018 жылы жол салу мен жөндеу жұмыстарына 62 миллиард теңге бөлгізді. Оның үштен бірі облыстық және аудандық маңызы бар жол­дарды салу мен жөндеуге бө­лінді. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Нұрлы жол» бағдарламасын тиянақты жүзе­ге асыру деген – осы! 

Төңіректі жарық еткен

Жаздың соңында ел жақ­қа екінші рет жол түсті. Тарбаға­тай ауданындағы Ақжар ауылында бабалар рухын әйгі етіп тұратын жаңа парк ашылу салтанатына шақырылдық. 

Тағы да көңіл толған. Ақ­­жар ауылындағы жаңа парк­­­тің екі жағына егілген жас­­ көшет ертең шынарға ай­нал­­мақ. Орталық аллеяда өр­ Тарбағатай мен нор Зай­саң­­ды тайталасқан жаудан азат еткен аталарға арнайы қойыл­ған тастағы таңбалар мен жазуларды оқыған әрбір жас сондай ер қорғайтын аза­мат болып тәрбиеленеді. Мем­лекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаң­ғыру» бағдарламасы аясында салынған бұл демалыс орны – облыстағы мемлекет-жеке­меншік әріптестігі аясындағы көп істің бірі. 

Иә, паркті салуға кеткен қаржыны осы өңірдегі кәсіп­керлер мен аудандық бюджет бір­лесіп шығарды. Бір ғана кәсіп­кердің атын атай кетелік. Республика көкпаршыларына өте таныс Сержан Омарбеков жылқы өсірумен айналысады. Әрі балаларды ат спортына бау­литын мектеп директоры. Қазақ­станның еңбек сіңірген жат­тықтырушысы. Осындай аза­маттардың мемлекетпен бір­лесіп ортақ қазанға құйған қаржысына Ақжардан Зайсанға шығар жол бойындағы шаңдақ тақыр алқапқа жасыл ағаш егіл­ген, қоңыр мәрмәр тас­ты, ең төрінде қылыш пен най­за ұстаған батырлардың қо­ла бейнесі қойылған, Прези­денттің ұрпаққа арнаған ұла­ғатты сөздері нақыштап жа­зыл­­ған парк орнады. 

Даниал Ахметов Шы­ғыс­ Қазақстан облысын бас­қар­ға­лы мемлекет-жеке­меншік әріп­тестігіне ерекше мән беріл­ген. Білім, спорт, тұрғын­үй-ком­муналдық сынды күн­де­лікті қажет салалардағы көп ша­руа екі тараптың бірігуімен тын­дырылған. Алтай қаласы­ның жылу орталығын жаңғыр­туға мемлекетпен қатар «Озық­ технологиялар» ЖШС қар­жы шығарып отыр. Алтай қа­ла­сы мен Аягөзде инсульт орталықтары ашылды. Д­аниял Ахметов орталықта болып, жұмысымен танысты. Меди­цина қызметкерлерінің шетел­де оқып келуіне жағдай жасады. 

Шығыс Қазақстан облы­сы балабақшадағы орын тап­­шылығын шешуде мем­ле­кет-жекеменшік әріптестігіне жүгінді. Облыста кәсіпкерлер салған 64 балабақшаға ұзақ мер­зімді мемлекеттік тапсырыс берілді. Осы тәжірибе бойын­ша кәсіпкерлер Өскемен мен Семей қалаларында 1100 мың балаға арналған 4 бала­бақша салып жатыр. 

Облыс сырттан инвестиция тартуға белсене кірісіпті. Еуропа қайта құру және даму бан­кінің қаржысымен Семей мен Өскемендегі сумен және жылумен жабдықтау желілері жаңартылып жатыр. Қыста суықтан қалтырап, жазда ыс­тық су дегенді білмейтін Се­мей жұрты екі сергелдеңнен құ­тыл­ды. Жалпы, бұл банкпен 70 миллиард теңгені құрайтын 12 шарт жасалған. Облыстағы екі ірі қаланың көшелеріне банк несиесіне 25 мың жарық шам орнатылады. Олар диодты жарық беретіндіктен қуат үнемдейді.

Сөз арасында айта кетелік, Ахметовтің бір қасиеті – Се­мей­ді Өскеменнен бөліп тас­тамайды. Бір ананың егіз баласы сияқты бірдей қарайды. Бұл – Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Семей ұдайы Мемлекет басшысының назарында болады» деген тапсыр­масын мүлтіксіз орындап отыр­ғанының айғағы. Осында аумағы 14 мың шаршы метр «Абай арена» құрылысы жүріп жатыр. Назарбаев зияткерлік мектебіне «Қарағайлы» шағын ауданынан тамаша ғимарат салынды. «Қарағайлының» өзі – Семейдің маңдайындағы гау­һары сияқты көркіне көз той­мас жарқыраған тұрғын үй алабы. Сосын Иран компания­сымен бірлескен ет өңдеу ком­бинаты салынбақ. Ол жылына 30 мың тонна ет өңдеп, әлемд­ік талапқа сай өнім шы­ғарады. Алыстағы Үржар, Тарбағатай, Аягөз аудандары үшін де бұл мәселе оң ше­шімін таппақ. «Евразия» агрохолдингі Аустралияның «CedarMeatsPty» компаниясымен бірлесіп Аягөз қаласында жыл­дық қуаты 11,5 мың тонна ет өңдеуге жететін комбинат пен 50 мың бас қой бор­дақылау кешенін салмақ. 

Хош, манағы жарық туралы әң­гіме желісіне қайта оралсақ. Енді аудан орталықтарының түнгі шамы сөнбейді. Оларға ұзын-саны 30 мың жарық шамы орнайды. Бұл жобаға 5,6 миллиард теңге инвестиция тартылған. Демек, Шығыс Қазақ­станның жарығы алыстан көрі­ніп тұрмақ. Сөздің тура және ауыспалы мағынасында.

Өндіріске өң берген

Біз өмірде Даниал Ах­метов­пен жүздеспеппіз. Атын сырт­тай естігеніміз 1992 жылы болар. Бір топ журналист Пав­лодар облысының Екі­бастұз қаласына барғаны туралы материалды «Егемен Қазақ­стан» газетіне дайындадық. Сонда тілшілерді «Богатырь» раз­резіне апарып, ахуалды түсін­діріп тұрған қала әкімінің суретін газетке әзірлеп, «Екі­бас­тұзды өзіміздің азамат бас­қаратын болыпты» деп қуан­ғанбыз. 

Одан бері бұл тұлға то­лық қайраткерлік жолдан­ өт­ті. Павлодар, сосын Солтүс­тік Қазақстан облыстарын бас­қарды. Елдің Премьер-Ми­нистрі, одан Қорғаныс министрі болды. Еуразиялық эко­номикалық одақтың энергетика және инфрақұрылым жөніндегі алқа мүшесі қыз­метін атқарды. Төрт жыл бұ­рын Мемлекет басшысының Жар­лығымен Шығыс Қазақ­стан облысына әкім болып тағайындалды. 

Көзбе-көз жүздеспесек те жақсы білеміз, өнеркәсіп саласы Ахметовтің оң жамбасына келеді. Биыл облыста мем­лекеттік Индустриялық-инно­вациялық даму бағдар­ламасымен қолға алынған 9 жоба тегіс маңызды. Бақыршық кен-байыту комбинаты салынды, қуаты жылына 2 миллион тонна кен өндіруге жетеді. Бұ­рын ел темір жол торабы ретінде білетін Ақтоғайда екін­ші кен-байыту комбинаты бой көтереді. Ол сульфид кенін қайта өңдейді. Бұған құйы­латын қаржы таңдай қақ­тырарлық – 396 миллиард теңге.

Жүйе қалыптастырушы кә­сіп­орын болып саналатын «Казцинк» мырыш өндірісін жаңа­лауға кірісті. Құнары аз кеннен бағалы металл алатын жаңа желі қуат тұтынуды 8 про­цент, өндірістің өзіндік құ­нын екі есе төмендетті. Екінші алып Өскемен титан-магний комбинаты үндістандық MIDHANI компаниясымен келі­сімге қол қойды. Сөйтіп Алтай қойнауынан алынған титаннан адам сүйегін алмастыратын материалдар мен меди­циналық жабдықтар жасалады.

Әлгінде Даниал Ахметов Қазақ­станның энергетика жү­регі саналған Екібастұзды сәт­ті басқарғанын айттық. Ол жақ­та қуатты көмірден алса, мұнда судан өндіру тиімді бол­мақ. Облыстағы су-электр стан­саларының қатарын толық­тырған Тұрғысын су-электр стансасы бірінші кезегінің құ­рылысы аяқталып жатыр, кейін тұтас тізбек салынғанда 328 миллион киловатт ток береді. Мұның сыртында 3 жел және 1 күн электр стансалары салынуда. Бұл – Мемлекет басшысы жиі айтатын «жасыл экономиканың» жарқын көрінісі. 

Бізді Өскеменнен қарсы алып Ақжардағы парк ашылу сал­танатына апарған әкелі-балалы кәсіпкерлер жүк-көлік, мал және нан-тамақ өндірісімен айналысады екен. Әулеттің иесі Рахметхан Әбдеханұлы 10 бала тәрбиелеп өсірген. Бәрі жоғары білімді, осы Өскеменде түрлі бизнеспен шұғылданады. Серікбаев атындағы университетте оқитын кенже ұлы қазір­дің өзінде ғылыми зерт­теулерге ден қойған. Жур­налистерді Тарбағатайға қа­рай «Хаммермен» алып жүр­гендеріне қарағанда шаруалары жаман емес. Жол-жөнекей сырласқанда Рахаң бұл аймақта орта және шағын бизнеске барлық мүмкіндік жасалғанын айтты. «Кәсіпкерге кедергі келтірем дегендер әкімнің қаһарына ұшырайды» деп рахаттана күлген Рахметхан ағамыз. 

Алакөлдің ажарын ашқан

 Жаңа паркті көрген соң Ақжардан Зайсан көліне келдік. Бұл ойпаттан мұнай мен газ өндірілгелі Зайсан қала­сында 1800 отбасы, 78 ком­­мерциялық және 9 бюджет­тік нысан газға қосы­лыпты. Бұрын да таза, көшелері гүлге бөленген қаланың ауасы түтін­сіз, көшелері күлсіз мүлде жай­нап кетіпті. Енді 9 ауылға көгіл­дір отын келеді.

Сөз арасында облыста тұр­мыстағы тазалыққа қатты кө­ңіл бөлінгенін естідік. Еу­ропа қайта құру және даму бан­кі инвестициясының бір бөлі­гі Өскемен мен Семей қала­ларындағы тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу ісіне бағытталған. 

Зайсан көлінен кейін Ала­көл­ге бет алдық. Шалқыған айдын жағынан бұл облыстың бағы бар. Шығысында – Мар­қа­көл, одан – бір-біріне жал­ғасқан Бұқтырма су қоймасы мен Зайсан көлі, оңтүстігінде – Алакөл, батысында – Балқаш­тың бір жағасы. Соның ішінде туристік саланы дамытуда Алакөлдің жөні бөлек.

Бұл туристік тақырыпқа дейін тағы бір көрген жақсы­лықты жаза кетуіміз керек шығар. Жолдағы іргелі мекендер: Ақжар, Аягөз, Мақаншы үше­уінде де жаңа мектептер салынып жатыр екен. Ақжар мен Ма­қаншы бұрын, әкімшілік бөлі­ністер іріленбей тұрғанда, аудан орталықтары болған. Бұл ауылдарда жаңа мектептер салынуы – шекаралық елді мекендерді нық ұстаудың белгісі. 

Шығыс Қазақстан – еліміз­дегі туристік картасындағы ең белгілі аймақ. Бұл кластердегі нысандардың бәріне апаратын жол жөнделді. Табиғаттың тама­шасын көргісі келетін көп­шілік Алакөл, Марқакөл, Сабынды көлдері мен Ал­тай қойнауына қиналмай жетеді. «Нұр Тау» аталған шаң­ғы базасы қысқы спорт түр­лерін ұнататындарға есік аш­қан. Облыс әкімінің арнайы тапсырмасымен Абай ауданын­дағы Қоңыр Әулие үңгіріне келетін туристерге толық жағдай жа­салған. Маңайы көр­кейтіліп, қоқыстан тазартылды. 

Алакөл туралы арнайы айтуымыз керек. Біз тілші ре­тінде Дубай мен Сеулдің жа­­­ға­жайын, Израильдегі Өлі теңізді, Италияның Адриат теңізіндегі Бибиони курортын тамашалағанбыз. Олармен салыс­тырғанда Алакөлдің жағ­дайына жылағымыз келетін. Жоқ, құдай көз жасымызды көріпті. 

Үш жыл бұрын көлге арнайы келіп жағалауды аралаған облыс әкімі Даниал Ахметов «бұ­лай болмайды» деп басын шайқапты. Сосын мұнда түбе­гейлі өзгеріс жасатқан. Былтыр жа­ғажай бойымен жаяу сер­уен­ге арналған тамаша аллея жа­салғанына риза болдық. Сауда орындары ретке келген, бір қатарға тұрған. Жаңа, осы заманғы демалыс үйлерінің құрылысы басталған. Биыл осы жаңғырту одан әрі тереңдепті. Енді жағалауға апаратын ұзын бас аллея жасалған. Автокөлік оған шықпай, демалыс үйлері арасындағы көшелермен оң жаққа бұрылады. Жол тегіс асфальттанып, қалың шаң келмеске кетті. Енді «шіркін, әкім Алакөл бойында целлофан орама мен пластик шөл­мектерге тыйым салғызса» деп армандадық. Біз көрген Би­биониде солай еді. 

Ахметов келгелі археоло­гия саласындағы ғылыми зерт­­­теулерге 450 миллион тең­­ге бөлінді. Бұл – бұрын-соңды шығарылмаған мол қаржы. Карл Бай­пақов, Зей­нолла Самашев, Әбдеш Төлеу­баев сынды археолог­тар осы өңірде қазба жұмыс­тарын жалғастыруда. Бел­гілі түркітанушы Дар­хан Қы­дырәлімен бірге Алтай­дағы «Патшалар алқабы» мұ­ра­жайын көріп, бір марқай­ғанбыз. Шіліктіден Алтын адам табылғаны туралы кезін­де «Хабар» телеарнасында арнайы фильм түсірткенбіз. Енді осы қатарға «Елеке сазы» аталатын алқап қосылмақ. 

Бұл – біз туып-өскен ауыл жақ­тағы жайлау. Шофер аға­ларымыз жаз шыға малшыларды «Елеке сазына» көшіріп шапқылап жататын. «Елеке сазының» енді мал жайылымы болып қалмай, отандық тарихты тереңдетуге жеке парақ болып енгені алдымен осы өңірдің тумаларына мақтаныш еді. Біздің дәуірімізге дейінгі VIII-VII ғасырлардағы ерте сақ дәуі­рі қорғаннан табылған ал­тын әшекейлер металл­ бал­қытқан, одан сәнді бұйым жаса­ған шеберлердің болға­нын айғақтайды. Демек, бұл өңір­дегі өркениеттің сан ғас­ыр­­лық терең тамыры бар. 

Ал қазірге дейін атақ­ты археологтар тапқан жәдігер­лердің негізінде Шығыс Қазақ­станда үлкен тарихи-архео­логиялық музей салынбақ. Об­лыс әкімінің тапсырмасымен оның жобасы жасалып жатыр. Бұл да Мемлекет бас­шысының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру­да­ғы тың қадам болмақ. 

Туған өңірден мерейіміз өсіп қайтты. Өткен ғасырдың тоқ­саныншы жылдарының басында Шерхан ағамыз Бас редактор, біз қатардағы қыз­меткері болып жүргенде «Егемен Қазақстан» газетінде «Әкім бол – халқыңа жақын бол» дейтін айдар ашылған. Міне, сол айтпақшы, халыққа жақын әкімнің өзін көрмесек те, атқарған ісін көріп, риза көңіл­мен жолжазбаның нүктесін қойдық. 

Қайнар ОЛЖАЙ

Шығыс Қазақстан облысы