Аймақтар • 04 Қазан, 2018

Солтүстік Қазақстанда психикалық дамуы тежелген балалар үшін үйірме ашылды

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Облыс орталығында республикалық “Zhas Project” жобасы аясында психикалық дамуында тежелуі бар балаларға арналып спорттық үйірме өз жұмысын бастады.

Солтүстік Қазақстанда психикалық дамуы тежелген балалар үшін үйірме ашылды

Қазір мұнда 30-ға жуық балғын жаттығады. Солардың бірі – Оксана Кропачеваның 3 жастағы ұлы.  Рома, бастапқыда “мама”, “папа” деген сөздерді еш қиындықсыз айтса керек. Алайда, бір жылдан соң оның сөйлеу қабілеті төмендеп, өз-өзінен оқшауланатынды шығарған.

«Ақылы спорттық үйірмелерге бару қымбатқа түсетіндіктен, төлем жағдайымыз көтере бермейтін. Енді баламыз өз құралыптастарымен  алаңсыз ойнап, түрлі жаттығуларға қатысып жүр»,  дейді Романың әке-шешесі.

“Мой ребенок” қоғамдық бірлестігіне мүше ата-аналар арнайы жоба жасап, конкурсқа қатысыпты. Байқау жүлделерін қаржылай көмек ретінде ұсынған.

Вильдана Қожахметованың айтуынша, 500 мың теңге қаржыға спорттық құрылғылар сатып алынған. Психикалық ауытқушылығы бар әр баламен арнайы курстан өткен жаттықтырушылар жұмыс істейді. Буындарын қатайтады, аяққа массаж, басқа да гимнастикалық жатттығулар жасайды.

“Мой ребенок” бірлестігінің мүшелері “Сити молл” сауда үйінде қайырымдылық фотокөрмесін өткізуді жобалап отыр. Одан түскен қаражат мүгедек балалардың қажетіне жұмсалатын болады.

Өмір ЕСҚАЛИ,

«Егемен Қазақстан»

Солтүстік Қазақстан облысы