Президент • 05 Қазан, 2018

Елбасы: Басты басымдық - қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру

607 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақордада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы басталды.

Елбасы: Басты басымдық - қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру

Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР

«Үкімет, мемлекеттік органдардың,  компаниялардың бірінші басшылары жұмысқа деген әдістерін өзгертулері тиіс. Қазақстандықтардың әл-ауқатының артуы негізгі басымдыққа айналуы тиіс», деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында.

«Еліміз бен Астанамыз халықаралық қауымдастық сенетін жерге айналды. Біз Еуразия өңірінің қаржылық, іскерлік, инновациялық, мәдени орталығы ретінде және өзіміздің болашағымыздың межесі ретінде қамтамасыз ету үшін жаңа елордамызды салдық. Ол бүкіл халқымыздың қуанышы мен мақтанышына айналды. Халық саны осы жылдардың ішінде 18 миллионнан асып, өмір сүру ұзақтығы 72,5 жасқа дейін артты. Тәуелсіздік алған алғашқы жылда Қазақстанда халық саны 14 миллионнан аспайтын еді. Біз берік экономикалық негіз қалыптастырдық», - деді Елбасы.

Айта кетейік, биылғы Жолдау еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және қазақстандықтардың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған.