Президент • 05 Қазан, 2018

Елбасы еліміздің орта мектептері Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту әдістемесіне көшірілуі керектігін айтты

515 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы еліміздің орта мектептері Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту әдістемесіне көшірілуі керектігін айтты

Елбасы Үкіметке бюджеттің жұмсалу ретін қарастыруды тапсырды. Әлеуметтік қауіпсіздік және инфраструктура секцияларын қаржыландыру басымдылықта болуы тиіс.

  1. 5 жыл ішінде білім беру мен денсаулық сақтау секторларына мемлекеттің ІЖӨ-нен 10%-ы аударылу керек.  
  2. Мектепке дейінгі білім беру жүйесін қайта қарастыру керек. Әсіресе, біліктілік талаптары, оқыту жүйесі, тәрбиешілер мен басқа қызметкерлердің жалақы жүйесі қайта қаралсын.
  3. Орта білім беру ұйымдары Назарбаев зияткерлік мектебінің оқыту әдістемесіне бірыңғай көшуі керек. Бұл мектеп реформаларының соңғысы болуы қажет.

Білім және ғылым министрлігіне жергілікті әкімшіліктермен бірге жоғарыдағы ескертулерді жүзеге асыратын жол картасын жасау тапсырылды.