05 Қазан, 2018

Нобель сыйлығының бейбітшілік саласы бойынша лауреаттары белгілі болды

650 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нобель сыйлығының бейбітшілік саласы бойынша лауреаттары белгілі болды. Олар: Конголық дәрігер Денис Муквеге және Ирак құқық қорқаушысы - Надя Мурад, деп хабарлайды Euronews.

Нобель сыйлығының бейбітшілік саласы бойынша лауреаттары белгілі болды

Денис Муквеге – Конго Демократиялық республикасындағы емханалардың бірінде гинеколог қызметін атқарады. Өз емделушілерінің арасында зорлық құрбандары өте көп. Денис оларға медициналық көмек көрсетіп қана қоймай, психологиялық жәрдем береді.

Надя Мурад – Иракта тұрып жатқан езидтер ұлысының өкілі. Құқық қорғаушы «Ислам мемлекетінде» құлдықта жүрген азаматтарға көмек көрсетумен айналысады.

Екі лауреат та қылмыстың бұл түріне, әсіресе әскерлердің бұны соғысу құралы ретінде қолдануына әлемнің назарын аударта алды. Бұл мәселемен күресуге елеулі үлес қосты.