Парламент • 06 Қазан, 2018

Нұрлан Нығматулин: Жолдау – елімізді одан әрі дамытудың, биік табыстарға жеткізудің стратегиялық жолы

355 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Нұрлан Нығматулин: Жолдау – елімізді одан әрі дамытудың, биік табыстарға жеткізудің стратегиялық жолы

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жыл са­йынғы Жолдауы – тарихи құ­жат. Себебі әрбір Жолдау – еге­мен елімізді одан әрі дамыту­дың, биік табыстарға жеткізудің стратегиялық жолы. 

Соның ішінде биылғы Жолдау Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстанымыз тәуелсіздік алған күннен бастап жүргізіп келе жатқан сындарлы саясатының заңды жалғасы болып табылады. Ол бүкіл халық­тың, әрбір шаңырақтың, әрбір азаматтың жағдайын жақсартуға арналды.
Онда ең алдымен әлеумет­тік саланың барлық бағытын қолдаудың маңызды міндеттері, сонымен бірге отбасы, тұрғын үй, шағын бизнес, еңбекақы, жас­тар, ауыл шаруашылығы, құқық қорғау жүйесін жаңғырту­дың жолдары көрсетілді. Ең бас­тысы – олардың барлығы орындалатын, нақты және қажетті мақсаттар. 

Бұл – Президентіміздің бо­­ла­­шақты болжайтын көре­ген сая­сатының, батыл қадам­дарының, стратегиялық терең ойшылдығының тағы бір нақ­ты көрсеткіші. Оған жеткен жетіс­тік­терімізді сақтап, оларды одан әрі күшейтудің үлкен мүм­кін­діктерін көрсетіп берген, биыл­ғы «Қазақстандықтардың әл-ауқаты­ның өсуі: табыс пен тұр­мыс сапасын арттыру» Жолдауы нақты дәлел деуге болады. Оның жүктеген міндеттер мен мақсаттар ауқымы өте зор. 

Бұл жолы да әлеуметтік бағыт Жолдаудың өзегіне айналды. Әлеу­меттік жаңашылдықтармен қатар, Жолдауда мықты эконо­микалық серпін де бар. Онда халқы­мыздың әл-ауқатын көтеру­дің, бәсекелестікті күшей­ту мен өсудің тұрақты қар­қы­нын қолдаудың айқын жолдары көрсетілген. Бұл – әрбір қазақстандық үшін, әрбір отбасы үшін маңызды. 

Осындай шынайы іс-жоспарға құрылған, халқымыздың, еліміз­дің игілігін көздейтін, іргелі істерге жол ашатын Жолдауды жүзеге асыруға белсене қатысу – баршамыздың, әрбір азаматтың абыройлы міндеті. 

Бұл біздің депутаттық корпус­тың заң шығару жұмысының да ең басты бағыты екені сөзсіз. 

Қазіргі уақытта алдағы үш жылдыққа арналған бюджет жобасы Мәжілістің қарауына енгізілген. Осы құжатпен жұмыс барысында депутаттар Елбасы Жолдауының басымдықтарын басшылыққа ала отырып, ең алдымен, әлеуметтік секторға, қауіпсіздік пен инфрақұрылымға қаражат қарастыратын өзгерістер енгізетін болады. 

Сондықтан биылғы Жолдау алға қойған мақсат-мұраттар табысты жүзеге асатынына сені­міміз зор.