Үкімет • 06 Қазан, 2018

Мәулен Әшімбаев: Елдің игілігіне бағытталған тарихи құжат

386 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Мәулен Әшімбаев: Елдің игілігіне бағытталған тарихи құжат

Елбасымыз өзінің жаңа Жол­­дауы арқылы еліміздің ен­дігі бағыт-бағдары мен алдағы мін­деттерін айқындап берді. Бұл Жолдаудың ең басты ерекшелігі – халықтың әл-ауқатын арттырып, тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталғаны болып отыр. Сол себепті де оны елдің игілігіне бағытталған тарихи құжат деп қабылдауға әбден болады.

Шын мәнінде, Жолдау­да айтылған барлық басым­дық­тар миллиондаған қазақ­стан­дықтардың өмір сүру сапасын жақсартып, олардың бәсекеге қабілеттіліктерін көтеретін тиімді тетіктер. Ал бұл – әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына қосылуды көздейтін біз үшін басты талаптардың бірі.

Президент Жолдауда бүгінде жаһандық және жергілікті мәсе­ле­­лердің шиеленісе түс­кенін, мұн­дай тығырықтан шы­ғу­дың бірден-бір жолы адам­ның дамуы екенін айтты. Сон­дық­­тан да Үкіметке және бар­­лық мем­лекеттік органдар мен компа­нияларға жұмыс тәсіл­дерін өзгертуді тапсырды. Бұл қазақ­стандықтардың әл-ауқа­ты­ның өсуі еліміздің ең басты басым­дығына айналады деген сөз.

Жалпы, Мемлекет басшы­сының сындарлы саясаты­ның арқасында Қазақстан тәуел­сіздіктің алғашқы жылдарынан бастап дамудың дара жолы­мен жүріп келеді. Біз осы уақыт ара­лығында саясат пен экономикада үлкен жетістіктерге жеттік. Түрлі халықаралық форумдар мен жиындарды жоға­ры деңгейде өткізіп, әлемдік қоғам­дастықтың сенімін абыроймен ақтадық. Сол арқылы дүние жүзіне бейбітшілік пен келісімнің, сенім мен тұрақ­тылықтың алтын бесігі ретінде танылдық.

Десек те, заман бір орнында тұрмайды. Қазір әлемнің үлкен өзгерістерді бастан кешіріп жатқаны да белгілі. Сол әлемнің бір бөлшегі ретінде Қазақстан да осы үдерістерден тыс қалмайды. Сондықтан бізге енді аталған өзгерістер мен жаһандық сын-қатерлерге лайықты төтеп беру­дің жолын қалыптастыру аса маңызды. Ал оның негізі бай, білімді, дені сау ұлт екенін Ел­басы жаңа Жолдауында нақты көрсетіп беріп отыр.

Жолдауда айтылған алты бағыт та халықты алаңдатқан ең өзекті және күрмеуі қиын мәселелерді оңтайлы шешуге жол ашып берді. Соның ішінде елдің табысын өсіру, тұрмыс сапасын одан әрі жақсарту, өмір сүруге жайлы орта қа­лып­тастыру, азаматтардың сұра­нысына сай мемлекеттік аппарат құру, сыртқы саясаттың тиімділігін арттыру және әрбір қазақстандықтың еліміздегі өзгерістерге атсалысуын қамта­масыз етуге бағытталған жаңа міндеттер халықтың көкейін­де жүрген көптеген сауалға берілген нақты жауап болды.

Әсіресе Елбасының білім беру, денсаулық сақтау, ша­ғын және орта бизнесті дамы­ту, қолжетімді баспана, құ­қық қорғау органдарының жұ­­мы­­сын жетілдіру, сыбайлас жем­­­қор­лықпен күресті кү­шей­ту, мемлекеттік қызмет­тің тиім­­ділігін арттыру сияқ­ты ха­­лық­тың күнделікті өмі­рін­­дегі салаларға ерекше мән беруі, ешбір әсірелеусіз, қазақ­стан­­дық­тардың тұрмыс сапасын жаңа деңгейге көтеретін игі қа­дам. Сол себепті де бұл ба­сы­м­дықтарды халық бірден қолдап, олардың нәтижелі жү­зеге асырылуына белсенді қаты­сатынына кәміл сенемін.

Әрине бұл басымдықтар бо­йынша осыған дейін де елі­міз­де көптеген бағдарла­м­алар қа­был­данып, саяси, эконо­ми­ка­лық, рухани және әлеуметтік жаң­ғыру­лар қолға алынғаны бел­гілі. Сондықтан «Қазақ­стан­дықт­ардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арт­тыру» атты жаңа Жолдауды Мемлекет басшысының бүгінге дейінгі барлық бастамаларының лайықты жалғасы деуге толық негіз бар.

Елбасының сенімді тірегі, елмен етене жұмыс істейтін партия ретінде «Нұр Отан» Жол­даудың мәні мен маңызын әрбір қазақстандыққа түсіндіріп, оның табысты орындалуы үшін өз үлесін қосатын болады.