Бағдарламалар • 06 Қазан, 2018

Арыстанғали Қойысов: Әлеуметтік мәселелерді алға шығарғанына риза болдық

423 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Арыстанғали Қойысов: Әлеуметтік мәселелерді алға шығарғанына риза болдық

Біз жасы ұлғайған адамдар жұмыстан қалғаннан бергі ермегіміз – жаңалық тыңдау, серігіміз – радио, теледидар, мерзімдік басылымдар.

Бүгін теледидардан Елба­сымыз Нұр­­сұлтан Назар­баев­тың Қазақстан халқына дәс­түрлі Жолдауын үлкен қанағат­та­нарлық сезімде отырып тың­дадым.
Елбасы ел ахуалына қысқаша тоқтала келіп, міндеттерді кең саралап берді.

Биылғы Жолдаудың ерек­шелігі – халықтың тұрмыс сапасын жақсартуға, әлеуметтік мәселелерге ерекше басым­дық берілді.

Алдағы жылдан бастап еңбек адам­дарының жалақысы өсетін болды. Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыта беру, бәсекелестікті күшейте түсу, осы саланы қолдау мен қорғау мәселелеріне тоқталды.

Маған ұнаған мәселе – өз өнімде­­рімізді сапалы өндіріп, әлемдік саудаға шығаруға басымдық бергені болды. Әлем нарығына өз өніміміз көбірек шықса, со­ғұрлым басқа ел тауарына тәуелдігіміз азая­ды. Ол ел тұрмысының жақсаруына оң әсер етеді. 

Сол сияқты, транспорт қыз­метін, ту­ризм­ді дамытуға, инновациялық даму­дың маңы­зына баса назар аударды.

Білім мен денсаулық саласына да үлкен мән беріп, нақты міндеттерді белгіледі.

Жол, халықты баспанамен қамту, құқық қорғау органдары мен мемлекеттік қызмет ісін жетілдіру де қалыс қалған жоқ.

Қысқасы, Елбасымыздың биылғы Жолдауы ел үшін аса құнды құжат, оны халық толық қуаттайды деп сенемін.

Арыстанғали ҚОЙЫСОВ, 

соғыс және еңбек ардагері 

Батыс Қазақстан облысы,  Жаңақала ауданы