Дәурен Тастанбайұлы Әбіров 1923 жылы 6 қазанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында дүниеге келген, Ол қазақтың тұңғыш биші- балетмейстері, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, Қазақстанның халық әртісі, Ұлы Отан соғысына қатысушысы.
Алматы хореграфиялық училищесін, 1952 жылы Мәскеудің Луначарский атындағы ГИТИС-нің балетмейстерлік бөлімін бітірген.
Дәурен Әбіров 1952 — 1977 ж. Абай атындағы Қазақ опера және балет театрының балетмейстері, бас балетмейстері, 1984 — 89 ж. Жүргенов атындағы Мемлекеттік театр және кино институтының кафедра меңгерушісі, 1989 — 97 ж. хореография бөлімінің жетекшісі болды.