Бағдарламалар • 06 Қазан, 2018

ҚХА: Елбасы әлеуметтік жауапты мемлекеттің саясатын дәйекті түрде жүргізуде

372 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада Елбасы Жолдауындағы міндеттерді іске асыруға арналған ҚХА Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.

ҚХА: Елбасы әлеуметтік жауапты мемлекеттің саясатын дәйекті түрде жүргізуде

Бүгінгі жиында Жолдауда әлеуметтік саладағы мәселелерге айрықша мән беріліп отырғаны баса айтылды.

«Жаңа Жолдаудың мазмұны Қазақстан халқының өмір сүру сапасын көтеруге негізделген. Осы орайда оның басты басымдығы ел тұрғындарының әл-ауқатын арттыру болғандықтан, Жолдау әлеуметтік мәнге ие болып отыр. Атап айтқанда, жаһандық қаржылық-экономикалық тұрақсыздыққа қарамастан, Елбасы әлеуметтік жауапты мемлекеттің саясатын дәйекті түрде жүргізіп келеді. Бұл еңбекақыны өсіру ғана емес, сонымен қатар біздің азаматтарға арналған инвестиция. Осы тұрғыда біздің экономикаға оңтайлы ықпалын тигізеді. Жолдаудағы қадамдардың барлығы кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер береді. Әсіресе, шетелдерден инновациялар мен инвестициялар тартатын кәсіпкерлер назардан тыс қалмайды», - деді Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Леонид Прокопенко.