Бағдарламалар • 06 Қазан, 2018

Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа Жолдаудың міндеттерін толық қолдайды

660 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан халқы Ассамблеясы кеше жарияланған Елбасының Жолдауын қолдау туралы үндеу жариялады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа Жолдаудың міндеттерін толық қолдайды

«Құрметті отандастар! Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауы қоғамның өзекті әлеуметтік сауалдарына нақты жауап болды. Бұл - мемлекеттік органдар, бизнес пен қоғам үшін іс-қимылдың тұтас стратегиясын айқындайтын, өзінің мәні мен мазмұны жағынан ерекше құжат.

Ең төменгі жалақыны өсіру, бизнестің жол картасын жалғастыру, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтеріне арналған тарифтерде тәртіп орнату жөніндегі шаралар және басқа да қадамдар - табыстың өсуінің тұрақтылығына ықпал етеді. Білім беру, ғылым және денсаулық сақтау саласына жұмсалатын қаражатты арттыру, учаскелік медицина қызметкерлерінің жекелеген санаттарына еңбекақыны көтеру, салауатты өмір салтын дамыту, халықты сапасыз тауарлар мен қызметтерден қорғау - бұл тұрмыс сапасын жақсарту жөніндегі сенімді қадамдар», - деп жазылған Үндеуде.

«Құрметті қазақстандықтар! Мемлекет басшысы халықтың әлеуметтік көңіл-күйі мен өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі теңдессіз шараларды белгіледі. Президент бұл мақсаттарға біздің қоғамымызды келісім мен бірлікті сақтау арқылы ғана қол жеткізу мүмкін екендігін атап өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жаңа Жолдаудың міндеттерін толық қолдайды және оларды жүзеге асыру мен түсіндіруге белсенді қатысады. Біз барлық қазақстандықтарды ұлттық әл-ауқатты мемлекет құрылысының мақсаттарына қол жеткізу үшін бірігуге шақырамыз. Осының бәрі Қазақстандағы бейбітшілік пен келісімнің негізгі тұғыры. Біз, Жолдаудың жүзеге асырылуы қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің, азаматтардың әл-ауқатын арттырудың, Отанымыздың гүлденуінің берік кепілі болатынына сенімдіміз», -мәтінінде үндеу жариялады Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері.