Кәсіпқой бокс • 07 Қазан, 2018

Хабиб Нұрмагомедов жеңіске жетті

500 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін АҚШ-тың Лас-Вегас қаласындағы «Ти-Мобайл-аре­на­да» ережесіз жекпе-жектің хас шеберлері ресейлік Хабиб Нұр­магомедов пен ирландиялық Конор Макгрегор арасында өткен кездесу аяқталды.

Хабиб Нұрмагомедов жеңіске жетті

Кездесу төрт раундқа созылды. Бірінші раундтан-ақ Хабиб Конорды соққыға жықты. Екінші раундта Хабибтің бағыттаған жұдырықтары дәл тиді. Үшінші раундта Конор кеткен есесін қайтармақ болып, бірнеше соққысын өткізді. Бүкіл жекпе-жек бойы басымдық танытқан ресейлік спортшы төртінші раундта қарсыласын қылқындырып тастады.

Жекпе-жек аяқтала салысымен Хабиб Нұрмагомедов жанкүйерлерге жұдырық ала жүгірді. Артынша ресейлік спортшының бапкері мен командасы сегізбұрышқа кіріп, Конор Макгрегормен шүйлігісіп қалды. Жекпе-жектің соңы жаппай төбелеске айналды. 

Әзірге Хабиб Нұрмагомедовтың бұл қылығына қандай шара қолданатыны белгісіз. Дегенмен ресейлік спортшыны жекпе-жектен шеттетуі әбден мүмкін.