Әлем • 08 Қазан, 2018

Жаңғыру жолындағы қарышты қадам - Мехмет ЭРОЛ

374 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан Президенті және Түркі әлемінің лидері Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазанда жариялаған халыққа Жолдауы жылдағыдай маңызды мәселелерді қамтыды. Жолдауда айтылған басымдықтардан Қазақстанды жаңғырту барысында әлеуметтік мәселелерге маңыз берілгені аңғарылады. Н.Назарбаевтың адам капиталына көзқарасы және оны дамытуға мән беруі елдегі даму моделінің жаңа бір белеске көтерілгенін көрсетеді. 

Жаңғыру жолындағы қарышты қадам - Мехмет ЭРОЛ

Халыққа Жолдауда «тұр­ғындардың әл-ауқатын кө­теру», «қызмет көрсету сапа­сын жақсарту», «өмір сүру дең­гейін арттыру», «халықтың қалау­ын­дағы мемлекет құрылымы», «тиімді сыртқы саясат», «қа­зақ­стандықтардың елдегі өзге­рістерге ілесуі» секілді бағыт­тар қамтылды. Сондықтан бұл бағдарлама адам капиталын дамытуды көздейді деп айтуға толық негіз бар. Қыс­қаша айтқанда, Н.Назарбаев Қа­зақ­стандағы «әлеуметтік мемлекет» құрылымын нығайтуға күш салады. Мемлекеттің басты міндеті – халқына қызмет ету. Осы орайда, Елбасы Н.Назар­баевтың мақсаты Қазақстан халқын әлемдегі бәсекеге қабі­летті ұлт ретінде қалыптастыру. Оны жүзеге асыру адамдардың денсаулығына, біліміне, мәде­ние­тіне және кәсіпкерлігіне тіке­лей байланысты.

Елбасы халыққа Жолдауында орта және жоғары білімге маңыз берді. Осы орайда, «4К» ретінде танылған «креативті» (creativity), «сындарлы ойлау» (critical thinking), «коммуникативтік» (com­municativeness) және «топ­тық ұстаным» (command) бағыт­тарына Қазақстанның заман­ауи білім жүйесінде басымдық бері­­леді. Ұзын сөздің қысқасы, Н.Назарбаев Қазақстанды әлем­дегі ең дамыған мемлекеттердің қа­тарына қосуды көздейді. 

Назарбаевтың Қазақстанның тек үлкен қалалары ғана емес, әр аймағының дамуына жағдай жасауы – сарабдал саяси ұста­ным­ның айқын көрінісі. 

Осы орайда Қазақстан көшбасшы­сының Түркістан облысын туризм өлкесіне айналдыру мақсатында жасаған бас­тамасына оң баға берген жөн. Жаһандану дәуірінде халықтың үлкен қалаларға көшуі әдеттегі жағдай және оны Назарбаев түсініп отыр. Сондықтан Қазақстан секілді жер көлемі жөнінен әлемде 9-орынды алатын елде ауылдық, аймақтық жерлерге назар аудару, инвестиция тарту – расымен стратегиялық ұтымды жағдай. 

Түркия тарапынан алғанда бірқатар мәселеге назар аудару қажет. Ең бірінші, 2017 жылдан жүзе­ге аса бастаған «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мем­лекеттік бағдарламасы аясында жасалу Анкара үшін маңызға ие. Қазақстанның ауылшаруашы­­лық және мәдени байланысында тарихи тамырымызға мән берілуі сөз жүзінде қалып қойған жоқ. Бұл – Түркістан облысы мен түркі әлемінің байланысын жандан­дыру жолындағы қадам. Қазақ­стан ұлттық тұрғыда күшей­ген сайын, Түркі әлемі де сол секіл­ді нығая түседі. Қазақстан­ның халықаралық саясаттағы беделі артуы түркі – ислам әлемі­нің байланысы берік болуына әсер етеді. Халыққа Жо­лдауында Н.Назарбаевтың Түркия­ны сыртқы саясаттағы маңызды әріп­­­тес санауы түркі әлемінің ын­ты­мақ­тастығы жалғаса беретінін көрсетеді. 

Назарбаевтың халыққа Жол­дауында білім беру жүйесі мен мұғалімдер тақырыбына басым­дық беруі, сонымен қатар 2019 жылды «жастар жылы» деп жария­лауы – Қазақстан үшін де, түркі әлемі үшін де маңызды қадам. Бұл – қазақ жастарының өсуі мен әлемдегі жоғарғы деңгейдегі бәсекелестікке сай болуы үшін жасалған инвестиция.  Түркияға оқуға келген қазақ жастары аса қабілетті екенін атап айтуға болады. Сондай-ақ  жастардың көпшілігінің Қазақстанның үлкен қалаларынан емес, ауыл­дық жерлерінен келуі – назар аударарлық жайт. Ендеше, Н.Назарбаевтың «Ауыл – ел бесігі» сынды бағдарламасы және ауылдық жерлердің дамуына маңыз беруінің стратегиялық астары тереңде жатыр.

Тұтастай алғанда, Н.Назарбаевтың халыққа Жолдауы «Аш адамды тойдырып, киімсізді киіндірдім» деп, «әлеуметтік мемлекет» түсінігін қолдаған Көк түркілер мемлекетінің басқарушысы Білге қағанды есі­міз­­ге салды.  Бағдарламада ай­тыл­­ған мақсаттарға жету жолын­да Қазақстанның жаңғыруы бары­сында жаңа серпіліс жүзеге аспақ. Қазақстан – сыртқы саясат­тағы бейбітшілікті қолдауы, спорт­тағы, әсіресе, халықаралық олим­пиада­лардағы жеңістері мен эконо­мика­лық дамуы, білім жүйесі арқы­лы түрік-ислам әлемінің орта­лығы болу­ға үміткер. Шын­дығын­да, был­тыр Астанада Ислам ынты­мақ­тас­тығы бірінші білім және ғылым саммитінің өтуі кездейсоқтық емес. 

Мехмет Сейфеттин ЭРОЛ,

Анкара дағдарыс және саясат зерттеу орталығының профессоры

Мақаланы аударған 

Светлана  ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»