Әлем • 08 Қазан, 2018

Үздік елдер алар үлгі - Франтишек МАСОПУСТ

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда Президенттің жыл сайын елдің даму бағытын айқындап, нақты жоспар құрып, бағдарламаларды мақсатты жү­зеге асыруға арналған Жол­дау жариялауы игі дәс­түр­ге айналған.

Үздік елдер алар үлгі - Франтишек МАСОПУСТ

Меніңше, Қазақ­стан­ның Дүниежүзілік банк рей­тин­гісіндегі көптеген көрсет­кіш­­тер, соның ішінде «Doing Business» индикаторы бойынша алға шығуы кездейсоқ емес. Жетек­ші экономикасы бар көп­теген ел­дердің осы бір қазақстандық тә­сіл­ді өздеріне ыңғайлы етіп ием­денуіне болар еді деп ойлаймын.

Жоспарлы даму мен бағытты уақ­тылы түзетіп отыру туралы айтқанда, ең алдымен Қазақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назар­баевтың жыл сайынғы халқына Жол­дауын ерекше атап өткім келе­ді. Бұл Жолдау өзегінде ел­­дің алдағы жылда және бо­ла­шақ­та қалай қарай даму керек­тігінің жан-жақты схемасы мен іс-әрекет алгоритмі тұрады. Мен Н.Назарбаев мырзаның өт­кен жылғы Жолдауын зерделеп шыққан едім, бұл жолғы Жол­дау­ымен де таныстым. Бұл құ­жаттардың бірізділігін, жал­­ғас­­­тылығын, бір-бірін өзара то­лық­­ты­рып тұратын логи­ка­лық жүйе­лі­лігін көріп отырмын. 

Президент мырза өз ой-пікі­рін халықаралық саясат пен эко­но­мика қағидаттарын терең түсінуі­мен қуаттап отырады. Осы орайда Қазақстан халқының билік көр­сеткен қамқорлықтың игілігін көруі­не, ал ел басшылығының алға қой­ған мақсаттарға табыс­пен қол жеткізуіне тілектестік білдіремін. 

Франтишек МАСОПУСТ,

ТМД елдері бойынша сауда-экономикалық палатасының  басқарма төрағасы