Әлем • 08 Қазан, 2018

Атырауда қала күніне орай ұйымдастырылған отшашуды 20 мың көрермен тамашалады

424 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Атырауда қала күніне ұйымдастырылған мерекелік шаралар өз мәресіне жетті. Қала күні мерекесіне орай  Қазақстан мен Ресей эстрадасының жұлдыздарының қатысуымен өткен  гала-концерт 20 мыңға жуық көрермен жинады. Халық алдында  Атырау қаласының әкімі Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы қала дамуының оң динамикасын атап өтті.

Атырауда қала күніне орай ұйымдастырылған отшашуды 20 мың көрермен тамашалады

- Биыл Атырауда рекордтық көрсеткіште тұрғын үй, қала маңындағы ауылдық округтерде жаңа жолдар салынады және балабақшалар мен мектептердің  құрылысы белсенді  жүргізілуде. Көшені жарықтандыру бойынша жобалар іске асырылып, қоғамдық көлік тұжырымдамасы енгізілуде. Қалада шағын және орта бизнес субьектілерін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалып отыр. Бүгінгі күні отандық компаниялар мен жер қойнауын пайдаланушылардың әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында қала күн сайын көркейіп келеді. Атыраулық барша тұрғындарды қала күнімен құттықтаймын және Сіздерге,   отбасыларыңызға денсаулық пен бақыт тілеймін, деді Алимұхаммед Құттұмұрат-ұлы.

Сонымен қатар облыс орталығында Әлеуметтік және қайырымдылық жобаларды жүзеге асыратын демеуші компаниялар мен меценат кәсіпкерлер марапатталды. Елбасының «Болашақка бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру аясында кәсіпкер Ибрагим Ақдрашев , депутат Әлібек Семғалиев, «Өмір гүлі» ансамблінің жетекшісі Таныш Жакупова, «КТК және К» компаниясының және «Wheels brothers» мотоклубының өкілдері түрлі номинацияларда марапатталды.

Көрермен алдында аймақтың жергілікті шығармашылық ұжымдары, сондай-ақ қазақстандық және ресейлік эстрада жұлдыздары - Мәдина Сәдуақасова, Райм мен Артур, Natan және MBand өнер көрсетті. Мереке соңында 20 мыңға жуық көрермен музыкалық отшашу тамашалады.

 

Соңғы жаңалықтар