Қазақстан • 08 Қазан, 2018

Баспана жөнінде мұндай қамқорлық болған емес - Игорь Ким

354 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған әр Жолдауында әлеуметтік мәселені көтереді. Осы жолы Жолдаудан еліміздің экономикалық дамуы үшін атқарар көптеген міндет-мақсаттармен бірге, қамқорлыққа толы бір жылы лепті сезінгендей боласың. Баспана – әр адам үшін басты мәселе. «Үйі жоқтың – күйі жоқ» деп халық бекер айтпаған ғой. Осыдан бірнеше ай бұрын «Президенттің бес бастамасы» атты мақаласында Елбасы «7-20-25» бағдарламасының өмірге жолдама алуына себепші болып еді. Сонымен қатар осы уақытқа дейін «Нұрлы жер» бағдарламасы да жақсы істердің тетігіне айналған болатын. Осы жолы Нұрсұлтан Әбішұлы халықты баспанамен қамтамасыз ететін бағдарламаның тиімділігін тағы да айтып, оның жүзеге асуы керектігін шегеледі. 

Баспана жөнінде мұндай қамқорлық болған емес - Игорь Ким

Астана әкімиатының бюджет қызметкерлерінің пәтерлі болуын бюджет тарапынан қолдау тәжірибесін мысалға келтірді. Осы озық тәжірибені бюджет қызметкерлері үшін біздің облыс әкімшілігі және бизнес компаниялары да қолданар, бәлкім. Қостанайдағы үйлердің біразын салған біздің «БК-строй» құрылыс компаниясы кезектегі 180 адамның үйлі болуына қолқабыс тигізуді ойластырып отыр. Біздің көмегіміз – бюджет қызметкерлеріне пәтер ақысын арзандатамыз, бұл баспана алатындарға біздің тарапымыздан сыйлық болады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «7-20-25» бағдарламасының тиімділігін өте нақ әрі дұрыс айтты. Қазір жастардың көпшілігі баспанасыз, пәтер жалдайды. Біз оларға айналдырған екі жыл бар мүмкіндігін салып еңбек етіп, ақша жинаса, біздің компания салған үйлерден пәтер алуға толық мүмкіндік болатынынт айтып отырмыз. Қазір жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттерімен әңгіме жүргізіп жатырмыз. Әрине, баспана жетпейді, үйлерді көбірек салуға тиіспіз.Салынған үйлердің сапасын тексеріп алуды мен де қоддаймын. Жасыратыны жоқ, салынған үйлердің бір-екі жылда тұруға жарамай жатқан өкінішті мысалдары әр жерден-ақ кездесіп жүр. Бұл адамдардың сеніміне, еңбегіне қиянат болып табылады. Заңда айтылғандай, үйдің сапасына мердігер, жобалаушы, құрылысты салушы, техникалық бақылаушы төрт мекеме жауапты болуы тиіс. Біздің «БК-Строй» құрылыс компаниясы сапаға басымдық береді. Біз құрылысты өзіміз жобалаймыз, өзіміз саламыз. Үйлерді қабылдап алғанда тек қол қою жеткіліксіз, оны бұрынғыдай тексеріп алғанда ғана жауапкершілік артады деп ойлаймыз.

Елбасының Жолдауда баспана туралы айтқаны ең алдымен жастарға қамқорлық деп білемін. Сондықтан оған жастар да жақсы істерімен жауап беруі тиіс. Еңбек етсе қазір жұмыс табылады. Жалынды жастық шақты бос өткізбеудің, оны тиімді пайдаланудың амалын әрбір жас қарастыруы тиіс. Жас кезде істеген еңбектің қайтарымы бүкіл ғұмырына жетеді әрі еліміздің болашағы да мықты болады. Елбасы баспанамен қосы жастарға мұны да меңзеп отырғандай.

Игорь КИМ,

«БК-Строй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры,

облыстық корей этно-мәдени бірлестігінің төрағасы,

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесінің мүшесі