«Алатауды» асқақтатқан өнерпаздар

Қазақ даласын әсем әні­мен тербеп, қасиетті қара домбы­раның күмбіріне бөлеген «Ала­тау» триосы ел есінен шыға қой­ған жоқ. Күн сайын дерлік ұлт­тық арнадағы «Алтыбақан», «Тамаша» сияқты айтулы бағдар­ламаларда өнер көрсеткен сах­­на саңлақтарын бүгінде тың­дар­манның сағынатыны да рас. Сол кездегі Жамбыл қала­сында 1970 жылы құрылған «Ала­тау» ән-би ансамблінің құрамында 1974 жылы ашылған «Алатау» триосы өнер көрсетіп, қазақ әнін елімізге ғана емес, бірқатар шет мемлекеттерде де таныт­ты.

Егемен Қазақстан
08.10.2018 2196
2

Сексенінші жылдары Чехословакия, Болгария, Үндістан, Бангладеш, Германия, Польша мемлекеттеріне ән сапарымен барып, Ермек Серкебаев, Нұрғиса Тілендиев, Бибігүл Төле­генова, Әлібек Дінішев сияқ­ты қазақ өнерінің нар тұл­ғаларымен бірге өнер көрсету мәр­тебесіне ие болды. Бір айта кетерлігі, «Алатау» қазақ даласында құрылған алғашқы трио болатын. Сондықтан да қазаққа бұрында таңсық дүние көрерменнің көңіліне көркемдік ұялатып, тыңдарман талғамын тәнті етті. Оның құрамында сол кездегі жас өнерпаздар Алтынбек Қоразбаев, Мұхтар Рахманқұлов және Алтынбек Бекмұратов үшеуі өнер көрсеткен. 

Жетпісінші жылдардың орта шенінен бастап қазақ сахарасын әнмен әлдилеген трионың тағдыры бүгінде көпшілікке беймәлім десе де болғандай. Ке­зінде халқымыздың ән өнерін биік белеске көтеруге талпынған тұң­ғыш трио өзінің негізгі мін­детін орындап та үлгерді. Кеңес дәуірінің өзінде халық әні «Әләулім-әй», Кенен Әзірбаевтің «Көкшолақ» әндерін халыққа кеңі­нен таныстырды. «Алатау» триосы өзінің шығармашылық жолын Алтынбек Қоразбаевтың «Әгугәй, домбыра» әнімен бас­таған.

Бүгінде әйгілі әнші, композитор Алтынбек Қоразбаев сол бір аяулы жылдарды сағынышпен еске алады. Бала күнінен қазақ­тың қара домбырасын жанына серік еткен ол «Алатау» трио­­сы ар­қылы халыққа танылды. Жамбыл жерінде жүр­ген өнерпаз жігіттердің үштік құ­рып, үлкен үмітпен ұлы жолға қа­дам басқаны кімді де болсын қызық­тырмай қоймайды. Айта кетерлігі, сол «Алатау» триосы Ал­тынбек Қоразбаевтың идеясымен құрылған екен. 

Өткен ғасырдың жетпісінші жылы Жамбыл жеріне Ресейден «Ярославские ребята» триосы­ ке­ліп, жергілікті театрда өнер көр­сетеді. Балалайка тартып,­ орыс­тың халық әндерін, атақ­ты композиторларының шығар­маларын орындаған топтың өнері жас өнерпаздарға ерекше әсер етеді. Арада біраз уақыт өт­кен соң «Алатау» триосы құ­рылады. Сөйтіп олар Қадыр Мыр­залиевтің сөзіне жазылған Нұр­ғиса Тілендиевтің «Алатау» әнін топтың гимні етіп алады. Бұл уақытта Алтынбек Қораз­баев Жамбыл облыстық партия комитетінің екінші хатшысы Ғайникен Бибатырованың шақыруымен осы қаладағы мә­дени-ағарту училищесінде қыз­мет атқарады. Ал трио мүшесі Мұхтар Рахманқұлов «Алатау» ән-би ансамблінде өнер көрсетсе, Алтынбек Бекмұра­тов Жамбыл техникалық институ­тының сту­денті екен. 

«Ол кезде Жамбыл техника­лық институтының үйірмесінде өнерлі қыздар мен жігіттер көп болатын. Трио мүшесі Алтын­бек Бекмұратовты институт қа­быр­ғасынан іздеп таптық. Шыны керек, сол жылдары ансамбль мен трио жұптасып, елімізде ғана емес, шетелдерде де өнер көрсету бақытына ие болды», дейді Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мұхтар Рахманқұлов. 

Жалпы, «Алатау» триосы жай­лы әңгіме болғанда, «Ала­тау» ән-би ансамблі туралы да айт­пай кетуге болмайды. Жет­пісінші жылдары композитор Са­дыхан Әубәкіров, сол кезде Жамбыл облыстық халық шы­ғар­машылығы орталығының ди­ректоры қызметін атқарып жүрген ақын Жақсылық Сәті­беков сынды азаматтардың бас­тамасымен құрылған ансамбль құрамында отызға тарта өнерпаз қызмет атқарады. Ал­маты қаласындағы «Гүлдер» ансамблінен Әулиеатаға арнайы келіп, өнер көрсеткен балетмейс­тер Елдос Усин, «Гүлдер» ан­самблінен келген режиссер Серік Елеусізов, виолончель аспа­бын­да ойнаған шебер Шекер Ах­метжанов, әнші, Таластың тумасы, Манарбекше шырқайтын марқұм Алтынбек Оразбеков, Құттыбай Тілеумұратов, Гүлнәр Өтепова, Асылбек Жанғарин сияқты өнерпаздарды халық әлі күнге дейін іздейді. Ал көпшілік үшін күйші Сақып Әбдірәсілов, қобызшы Бекет Жетпісов, сырнайшы Әуесбай Тоқманбетов сияқты азаматтардың орны бір­ бөлек. Сағындырған сахна саң­лақтарының кейбірі бүгінде тағ­дырдың жазуымен өмірден өтіп кеткен болса, кейбірі тіршіліктің бұйрығымен өзге салада қызмет атқаруда.

Осылай «Алатау» триосының жұл­дызды шағы шарықтап кете берді. Әулиеата аймағынан ән бұлағы ағытылып, әуен құдіреті шарықтап тұрды. Әзілдері жарасқан өнерпаздар Алтынбек Қораз­баевты «Сары Алтынбек», ал Алтынбек Бекмұратовты «Қа­ра Алтынбек» деп атайтын болды. Сонымен қатар ансамбльде өнер көрсетіп жүр­ген Алтынбек Бекмұратовты қос­қанда, көпшілік арасында «Үш Алтынбек» деген ұғым қалып­тасты. Дей тұрғанмен, өмір бір орнында тұрмайды. Өзгерістің өзі уақыт талабы. 1979 жылы Алтынбек Қоразбаев Жамбыл облыс­тық филармониясының директоры болып тағайындалды. 1978 жылдан бастап Жамбыл гидромелиоративтік инс­титу­тының студенті болып жүргенде «Алатау» ән-би ансамбліне жұ­мысқа қабылданған Асылхан Шүңі­реков трио құрамына алынды. Сол уақыттарда «Алатау» триосы халықаралық, республикалық түрлі конкурстарға қатысып, жүлдегер атанды.

Жыл өткен сайын «Алатау» аты асқақтап, оның құрамында әр жылдары Пернебек Оспанов, Берік Қалиев сияқты өнерпаздар өнер көрсетті. Бұл сексенінші жыл­­­дардың орта шені еді. Ал тоқ­са­ныншы жылдары елімізде орын алған қиындықтарға байланысты таратылған өнер ұжымдарының қатарында «Алатау» ән-би ан­самблі мен трио да бар еді. Та­раз қаласының 2000 жыл­­дық тойы­ның қарсаңында байыр­ғы «Алатау» триосы «Тараз» болып өзгертіліп, оның құрамында Асыл­хан Шүңіреков, Берік Қа­лиев, Ноян Сейділдаев өнер көр­се­теді. 
Бүгінгі таңда мәдениет сала­сына тиісті деңгейде қаражат бө­лінеді. Дей тұрғанмен, кезінде қазақ өнерін әйгілеген атақты «Алатау» ансамблінің және қазақ даласындағы тұңғыш трионың тағ­дыры көпшілікті ойлантпай қоймайды. Тіпті осы салаға жет­кілікті деңгейде қаражат бөлініп жатса да, ансамбльдың жабылып қалуы көңіл көншітерлік көрініс емес. Бүгінде өңірімізде талай­ мәдени шаралардың өтуіне мұрындық болып келе жатқан облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы та­рапынан ансамбльды қайта құ­руға, оған қаражат бөлуге ниеті болса дұрыс болар еді. Кезінде асқақтаған «Алатаудың» арыны қазақ даласынан жарқыраған жұлдыздай көптеген елдерге қазақ өнерінің рухын шашқан сәуле сияқты көрінгені де рас. Сол рухани сәуленің сынығы Әу­лиеата өңірінде әлі де сақтал­ған.

Суретте: «Алатау» трио­сының мүшелері: сол жақтан бірінші Алтынбек Бекмұратов, Мұхтар Рахманқұлов, Алтынбек Қоразбаев

Хамит ЕСАМАН,

«Егемен Қазақстан»

Жамбыл облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

14.12.2018

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік қызметкерлер мен ұлттық компаниялардың қызметкерлеріне марапаттар табыстады

14.12.2018

Қазақстан Президенті мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыру рәсіміне қатысты

14.12.2018

ШҚО Аягөз қаласында 600 орындық мектеп ашылды

14.12.2018

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаев кәсіпкерлермен кездесті

14.12.2018

Тәуелсіздікке тарту: Қызылордада балабақша ашылды

14.12.2018

Назарбаев Зияткерлік мектебінде Қамқоршылық Кеңестің отырысы өтті

14.12.2018

«Аурухана клоунадасы» жобасы жүзеге асты

14.12.2018

Шағын және орта бизнесте көшбасшы

14.12.2018

Жайық өзенінің суы тұрғындарға қауіп төндірмейді

14.12.2018

Семейдегі «Шығыс» өңірлік әскери қолбасшылығы арнайы кездесу өткізді

14.12.2018

Г.Әбдіқалықова мемлекеттік наградалар табыстады

14.12.2018

Самал Еслямова «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атанды

14.12.2018

1991 жылдан бері қазақ жерінде 8,7 миллион сәби дүниеге келді

14.12.2018

Бурабайда «Қансонар-2018» халықаралық турнирі өткізілді

14.12.2018

Еуропа лигасы: плей-оффқа шыққан 16 команда анықталды

14.12.2018

Азаттықты айшықтаған аламан

14.12.2018

Президентке жасалған тартулар

14.12.2018

Батыс Қазақстанда жер қатынастары қызметі электронды форматқа көшті

14.12.2018

«Балуан Шолақ» көрерменімен қауышады

14.12.2018

Мемлекеттік марапаттарға ие болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу