Катя салған ән қандай!

«Сендерде, Шемонаиха ауданында Екатерина деген орыс қызы тұрады екен. Қазақша керемет сөйлейді дейді. Өзі сондай белсенді. Сол кісі туралы мақала әзірле» деген тапсырма түскенде Екатеринаға теле­фон шалмас бұрын «кейіп­керіміз туралы қандай дерек бар екен?» деп ғаламторға көз жүгірткенімде «Одно­классники» әлеумет­тік желісіндегі парақшасына жаз­ған мына бір сөзі көңі­лімізді елең еткізгені рас.

Егемен Қазақстан
08.10.2018 1958
2

Байып кетсең байлыққа көп құнықпа, 

Жүректегі иманыңды суытпа. 

Ей, бауырым, сол байлықты Алланың,

Өзі беріп, өзі аларын ұмытпа.

Осы сөзді оқығаннан кейін оның қазақ тілін білетініне еш кү­мәніміз қалмаған. Иә, Екатерина өзге ұлт өкілдері көп қоныстанған Шемонаиха ауданында тұрады екен. Қазір аудан орталығындағы Мәдениет үйінде әнші болып жұмыс істейтін ол 1991 жылы Бес­қарағай ауданының Бозтал ауылында дүниеге келіпті. «Қа­зақ тілін осындағы мектепке бар­ғаннан кейін үйрендім. Апам мен әкем үйде орысша сөйлейтін. Біз осы ауылдағы жалғыз орыс отбасы болдық. Жасыратыны жоқ, мектепке барған кезде қиындықтар кездесті. «Мектепке барғым кел­мейді, оқығым келмейді, қазақ балалар бізді бөледі» деп жылаған кездеріміз де болды. Апайым мен сіңілім де осы мектепте оқыды. Не керек, ақыр соңында қазақшаға судай болып шықтық қой», – дейді Екатерина.

Екатерина Бозталдағы мек­теп­ті бітіргеннен кейін Шемо­наи­хадағы гуманитарлық-тех­ни­калық колледжде «Дене шы­нықтыру» мамандығы бойынша білім алға­нымен бүгінде өнер жолында тер төгіп жүр. Өзінің айтуынша,­ репертуарында 30-дан астам қазақ әні бар. «Бір тылсым күш мені өнер саласына жетелегендей болды. Әйтпесе ешқандай музыкалық білімім жоқ. «Дедім-ай, ау», «Кө­зіңнің мөлдірін-ай» деген секіл­ді ха­лық әндерін орындағанды жақ­­сы көремін. Гүлмира Сарина шыр­­қайтын «Шығысым, шырайлы елім» әнін де жиі айтамын. «Ке­шікпей келем деп ең» деп, Шәм­ші әндерін де әуелетемін. Тамара Асар, Роза Әлқожа, Ерке Есмаханның әндері де жүрегіме жақын. Репертуарымда орысша әндерден гөрі қазақша әндер көп. Қазір тойларға да жиі шақырады. Өзімнің әріптесім Нұрболат Ра­йысов екеуміздің «Ақниет» деп ­аталатын дуэтіміз бар», – дейді кейіп­­керіміз.

Екатерина –­ қа­­зақ­тың келіні. Бүгінде жол­дасымен бірге Аяулым, На­ри­ман есімді ұл мен қыз­ды тәр­биелеп отыр. «Байып кет­сең бай­лыққа көп құнықпа, Жүректегі иманыңды суытпа» деп өзінің әлеуметтік желідегі па­рақ­­шасына жазғанындай, осы­дан 10 жыл бұрын ислам ді­нін қабылдапты. «Ислам дінін тұр­мысқа шықпай тұрып қабылда­дым. Қазақ тілі туған ті­лім сияқты. Шынын айтсам, орыс тілінен гөрі ойымды қазақша оңайырақ жеткі­земін. Қызымыз Аяулым орысша мектепке, ұлымыз Нариман қазақша балабақшаға барады. Үйде бәріміз қазақша сөй­лесеміз. Өзге ұлт өкілдерінің са­ны басым болғандықтан Шемо­наи­хада ха­лықтың көбі орысша сөйлейді. Жолдасым кей кездері қазақ­шадан гөрі орысша көп сөй­леп кетеді. Кейде оған да қазақша үйре­тіп жіберетінім бар (күлді). Шемо­наихалықтар менің қа­зақ­шама әуелде таңғалатын, қа­зір үйреніп ал­ған секілді. «Қа­зақстанда тұратын әрбір азамат қазақ тілін білуі керек. Ақырындап меңгеруі керек» деп үнемі айтып жү­ремін. Өйткені қазақ тілі  – мақ­танышы­мыз, болашағымыз», – дейді ол.

Екатерина Бейсембаева былтыр Глубокое ауданында өзге ұлт өкілдері арасында өткен облыстық «Абай оқулары» байқауында же­ңім­­паз атаныпты. Тарбағатай ауда­­­нын­да ұйымдастырылған «Тар­ба­ғатай жұлдыздары» халық­ара­лық ән байқауына қатысыпты.  

Ана тілімізді ардақтаудың үз­­­­­­дік үлгісін көрсетіп жүрген жан­­­­­­­­­­­­­­ның ендігі бір арманы – жо­ғары білім алу. «Семей мен Өске­мен­­нің бірінде музыкалық бі­лім алып, өнерімді одан әрі шың­дай түссем деймін. Және осы мүм­кін­дікті пайдаланып мені үне­мі қол­дап, бағыт-бағдар бе­ріп жү­ретін аудандық Мәде­ниет бө­лімінің басшысы Әлия Сел­теева мен Мәдениет үйі­нің директоры Қарақат Атахановаға алғы­сымды жеткізгім келеді», – дейді Екате­рина. 

Әріптестерінің Екатеринаға деген құрметі өзгеше. «Катяны ерекше жақсы көреміз. Қазақ тілінде жетік сөйлейді. Қа­зақтың салт-дәстүрін ұстанады. Осында өтетін кештерді қазақ тілінде жүргізеді. Қазақтың ән­дерін шырқайды. Біздің Мәде­ниет үйінде жұмыс істейтін өнер­паздардың көпшілігінің кәсіби білімдері болмаса да, табиғи таланттарымен жұртшылықты тамсантып жүр. Катя да сондай өнер иесі. Екі бала тәрбиелеп отыр. Өзі қарапайым. Еңбекқор. Біздің аудан­да 80 процент өзге ұлт өкілдері тұрады. Қазақтың салт-дәстүрін білмей­тін қазақтар да бар. Ал біздің Катя ұлты орыс болса да, маған қазақ секілді көрінеді», – дейді аудандық Мәдениет үйінің директоры Қарақат Атаханова.  

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

Шығыс Қазақстан облысы,

Шемонаиха ауданы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

24.10.2018

«Атырауда жасалған» жетістік көп

24.10.2018

Кеген орманы – табиғаттың қорғаны

24.10.2018

Қырандардың қанатын қатайтқан

24.10.2018

Жұмыр жердегі жақұт мекен

24.10.2018

Сейітовті еске алды

24.10.2018

Италияда эскалатор істен шығып, 30-ға жуық адам зардап шекті

24.10.2018

Ұрпақтарың ұмытпайды өзіңді...

24.10.2018

Елін сүйген ердің даңқы асқақтады

24.10.2018

Адами факторды азайтады

24.10.2018

Əзірет Сұлтан мешітіне жаңа Бас имам тағайындалды

24.10.2018

Халық жағдайын жақсартуды мақсат еткен құжат

24.10.2018

Ел күткен шешім

24.10.2018

Toı-tirlik nemese qazaqy qyzyq týraly

24.10.2018

Алматыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 1500 салымшы баспаналы болады

24.10.2018

Қытайдың шағын фермаларының жойылуы әлемге пайдалы

24.10.2018

Жалқаулықтың сыры неде?

24.10.2018

Жеңілдікпен сатылатын робот

24.10.2018

Әріптестікті дамыту ісі талқыланды

24.10.2018

Асқар Мамин Еревандағы «Еуразия апталығы» форумына қатысты

24.10.2018

Көңіл толарлық көрсеткіштер аз емес

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Toı-tirlik nemese qazaqy qyzyq týraly

Bir baıqaǵanym, bizdiń qazaq ómiri toıdan qalmaýǵa tyrysady. Qashyq jerde bolsa da barýdy paryz sanaıdy. Keshikse de, eń bolmaǵanda ekinshi dastarqanǵa jetip jyǵylady. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Tulǵalardy mansuqtaýda qandaı maqsat bar?

Elbasy Nursultan Nazarbaevtyń «Bola­shaqqa baǵdar: rýhanı jańǵyrý» baǵ­darlamalyq maqalasy – halyq tarapynan úl­ken qoldaý tapqan, kópshiliktiń yqylasy zor bolǵan bastama. Baǵdarlamanyń arqasynda hal­qymyzdyń mol rýhanı murasy qaıta jańǵyryp, tarıhymyz túgendeldi. Osy jobanyń aıasynda tól ádebıetimiz ben mádenıetimizdiń shetelderde nasıhattalýy, sheteldiń túrli saladaǵy eń mazmundy kitaptarynyń aǵylshynshadan tikeleı qazaq­shaǵa aýdarylyp, qalyń oqyrmanǵa tabystalýy da buryn-sońdy bolmaǵan is.

Дидар Амантай,

Kınoádebıet

Teginde, ult ádebıeti men qazaq kıno­sy arasynda, sonaý Sháken Aımanov, Májıt Begalın, Sultan Qojyqov, Abdolla Qarsaqbaev zamanynan beri qalyptasqan ónegeli dástúr, jaqsy qarym-qatynas, tyǵyz baılanys búginde óz jalǵasyn taýyp otyr.

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу