Бағдарламалар • 08 Қазан, 2018

«7-20-25» бағдарламасы аясында 50 мың адамға сертификат тапсырылады

375 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы тапсырмаларды жүзеге асыру аясында алғашқы жарнаны арзандату үшін жалпы саны 50 мың данадан кем емес «7-20-25» тұрғын үй сертификаттары шығарылады.

«7-20-25» бағдарламасы аясында 50 мың адамға сертификат тапсырылады

Ипотекалық бағдарламаға қатысқан жағдайда, «7-20-25» сертификаттары бюджеттік сала қызметкерлері үшін алғашқы жарнаны жеңілдетеді . Сертификаттарды қала және облыс әкімдіктері тұрғындарының қажеттіліктеріне қарай тарататын болады.

«Елбасы жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотеканың алғашқы жарнасын субсидиялау бойынша жан-жақты жұмыс жүргізуді тапсырды. Мемлекет басшысы мәлімдегендей, мұндай тұрғын үй сертификаттарын беру мұғалімдер, дәрігерлер, полиция қызметкерлері және басқа да жергілікті өңірлерге қажетті мамандық иелері үшін ипотеканың қолжетімділігін арттыра түспек. Біз «Нұр Отан» партиясынмен бірлесіп алғашқы жарнаны азайту бойынша жұмыстарды бастап кеттік. Және аталған шаруаны қызу дөңгелетіп, осы аптадан бастап әр өңірлерде «7-20-25» сертификаттарын бере бастаймыз» - деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басшысы Қайрат Алтынбеков.

Бір тұрғын үй сертификатының орташа номиналы 1 млн тенгені құрайды. Сол себептен де, жергілікті атқарушы органдар тарапынан бұл бағдарламаның жүзеге асырылуын ынталандыру үшін 50 млрд. тенге бөлінеді.