Әлем • 08 Қазан, 2018

Жапондық суретші теңіз қоқысынан инсталляция жасады

436 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Жапондық суретші теңіз қоқысынан инсталляция жасады

Лиссабондық өнер, архитектура, технология музейінде танымал жапондық суретші Тадаси Каваматаның көрмесі өтіп жатыр. Ол «Over Flow» атты инсталляцияны жасауға 8 ай жұмсаған, ал оған 3 тонна қоқысты жинауға «Brigada do Mar» («Теңіз бригадасы») жергілікті экологиялық ұйымның волонтерлері көмектескен.

«Барлық материал Лиссабоннан жүз шақырымдық жердегі Португалияның жағалауында жиналды. Біз сол жерден осы қоқыстардың бәрін тауып алдық» - дейді Тадаси Кавамата.

 Қоғам біздің жағалау мен жағажайларды ең болмағанда жылына бір рет қоқыстан тазартып тұру керек екендігін түсінуі керек. Сонымен қатар, біз олардың қайта өңделуі қиын, ұзақмерзімді материалдарды пайдалану туралы да ойлануға тиіспіз"- дейді Симао Ачайоло («Brigada do Mar»).

Тадаси Кавамата өзінің арт-объектерін жасау үшін теңіз тақырыбында жапондық илюстрация дәстүрін қолданады.

Жыл сайын Әлемдік мұхитқа тонналап пластикалық қоқыс түседі, ал Тынық мұхитындағы пластиктің бөліктерінен қалған «қоқыс дақтары» Франция аумағынан үш есе асып түсті.