Инвестициялық жобалар өңірдің экономикалық дамуын өрге тартады

Егемен Қазақстан
09.10.2018 6524
2

Инвестиция иірімдері

Экономика дамымай, әлеуметтік мәсе­лелердің оң шешімін таба қоюы қиын. Бұл – жұртшылыққа қашаннан белгілі жайт. Ал қаржы экономиканы дамытудың негізгі тетігі екенін облыста атқарылған көп шаруа ай­қын көрсеткендей. Қаржы көз­­дерінің көрсеткіштеріне қарап отыр­сақ, бұрнағы жылдарға қарағанда инвес­тициялық қаржының өсімі анық бай­қалады. Егер ол 2015 жылы – 82, 2016 жылы – 92,5 процент болса, 2017 жылы – 104,3, ал үстіміздегі жылдың 8 айында 112,9 процентті құрады. Соның ішінде сырттан тартылған инвестиция көлемі 2 есеге жуық өсті, яғни 2017 жылы 6,1 млрд теңге болса, 2018 жылдың басынан бүгінге дейін тартылған қаржы 11,7 млрд теңгеге жетті. Соның арқасында 2017 жылдан бері облыс өңірінде 14 жаңа жоба жүзеге асты. Өнімі нарық сұранымына ие кәсіпорындар жұмыс істей бастады. «Баян сұлу» кондитер фабрикасы – облыстағы байырғы кәсіпорын. Ол инвестиция салып, өзінің цехтарын заманауи жабдықтармен жабдықтап, өндірістік желісін кеңейтті, өнімнің жаңа түрлерін шығарып отыр. Бұл азық-түлік нарығына серпінді ықпал етіп, экспорттық өнім түрлерін әр­тарап­тандыруға мүмкіндік берді. 

Облыста мал азығына құрамажем дайындайтын екі жем зауыты ашылды.Қостанай қаласындағы тәулігіне 200 тонна құрамажем шығаратын қуатпен жұмыс істейтін «Трансальпина» жем зауытының құны 1 млрд теңгеге түс­­­ті. Ал Әулиекөл ауданындағы «Agro­BioAuliekol» зауыты құрама­жем­ді екінші шикізаттан жасайды. 1,2 млрд теңгеге түскен өндіріс орны ма­мыр айын­да іске қосылып, 50 адамға жұмыс тауып берді. Кеншілер қаласындағы құны 16,8 млрд теңге тұратын Рудный цемент зауытының орны тіпті бөлек. Бүгінде соңғы іске қосу тетіктері жасалып жатқан зауытта 300-ден астам рудныйлық жұмыс істейтін болады. Бұл – облыстағы соңғы жылдарда жүзеге асатын ең ірі инвестициялық жоба.

Осы жылдың аяғына дейін көп уақыт қалмаса да, облыс өңі­рін­де тағы да 4 инвестициялық жоба іске қосылады. Әдетте, инвестор уа­қыт­т­ың сұранымына ие өндіріске қар­­жы салады. Торғай өңірі егін ша­руа­шылығына аса қолайлы емес, мал шаруашылығына икемді. Оның үс­тіне Арқалық қаласы маңындағы Торғай боксит кен бас­қармасы кеннің сарқылуына байланысты жақын жылдары жұмысын тоқтатады. Ал онда Арқалық қаласынан 800 адам жұмыс істейді, қаланың бюджеті де осы кәсіпорынға арқа сүйейді. Сондықтан моноқаланың экономикасы мен әлеуметтік саласын әлсіретпеу үшін «Торғай ЕТ» заманауи ет комбинаты секілді ірі кәсіпорын қажет-ақ болатын. Міне, енді қараша айында 2 млрд теңге жұмсалған, шұжық, бұқтырылған ет, жартылай фабрикаттар өндіретін «Торғай ЕТ» ет комбинаты іске қосылмақ.

Қостанай қаласындағы өткен жылы іргесі қалана бастаған Индус­­трия­лық аймақ инвесторларға қолай­лы жағдай туғызатын, өміршең жобаларды жүзеге асыратын алаң болып отыр. Онда биыл жыл соңына дейін жүзеге асатын, жоғарыда айт­қан 4 инвестициялық жобаның екеуіне орын берілді. 400 гектар жер­ді алып жатқан аймақтың қазір қажетті инфрақұрылымын жасайтын құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. Индустриялық аймақ алғашқы сатыда газбен, сумен, электр энергиясымен жабдықталады. Оның сыртында канализация, таза су сорғылары секілді құрылыс жұмыстары да қатар жүреді. 

Аймаққа тас жол және темір жол кіргізу жоспары да бар. Жыл ая­ғы­­на дейін мұнда алдымен Минск трак­­тор зауытының лицензиясымен «Беларусь» маркалы трактор құрас­тыратын өндірістің іргесі қалана бас­тайды. Инвестор – көрші Ресейдің Свердлов облысындағы «Композит Групп» холдингі. Ол индустриялық аймаққа құрастыру-әмбебап цехын орналастырады. Жергілікті бюджет қаржысына салынған өндіріс ғимараты инвесторға болашақта сатып алу құқымен жалға беріледі. Жобаның құны оның алғашқы сатысында 2,3 млрд теңге болады, жақын жылдары 15 млрд теңгеге дейін же­теді. Өндірісте 200 адам жұмыс орнын та­бады. Индустриялық аймаққа «Ас­тық» элеваторлық құралдар зауыты өзінің құрылыс материалдары және металл құрылғылары цехын салады. Құны 1 млрд теңге болатын цех 20 шақты адамға жұмыс береді. Биыл іске асатын төртінші жоба бойынша қы­­тайлық компания (YTO Group Corpo­­­­­ration) YTO маркалы трактор құрас­тыр­­атын өндірісті іске қосады. Жобаға қы­­тайлықтар 1 млрд АҚШ долларын құяды. 

Облыс экономикасын дамыту үшін 2015-2018 жылдар арасында ізденістер мен инвестиция тарту арқылы құны 2,1 трлн теңгеге бағаланатын 40 инвес­тициялық жобалар пулы жасалды. Сол 40 жобаның ішінде ең ірі жобаны қытайлықтармен бірігіп жүзеге асыратын боламыз. Құны 100 млрд тең­ге тұратын жобаның инвесторы «BioGrain» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі алдағы уақытта бидайды жетілдіре өңдеп, одан крахмал, құрамажем, май және ұн өндіретін болады. Өндірісте еңбек ететін 500 адамның ішінен 20 маман ғана Қы­тайдан келеді.

ЭКСПО-2017 көрмесінің іздері

Өткен жылы Астанада өткен ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі эко­номикада игі өзгерістердің болуына ықпал етті. Көрмеге энергия үнемдеу саласы бойынша облыстан 2 жоба қатысқан еді. Қарасу ауданында органикалық қалдықтарды пай­далану арқылы жасалатын биогаз өндірісі мен полиэтилен шөлмектерін қайта өңдеп, іске асыратын Мата емес материалдар фабрикасы жасыл экономиканың облыс өңіріндегі қар­лығаштары деуге болады. Бұлардан басқа ЭКСПО-2017 көрмесіне ұсын­басақ та, кәсіпорындарда енгі­зіл­ген озық технологиялар бар. Мыса­лы, «Қостанай минералдары» кәсіпор­нында қызметі жаңғыртылып, ре­купе­ративті тоқтайтын электровоз тұтынғалы электр энергиясының 17 процентін үнемдейді. Сонымен қа­тар кәсіпорынның аумағында орна­ластырылған күннен қуат алатын 10 кВт батарея электр желісімен қатар жұмыс істейді. Кәсіпорындағы сынап лампалары үнемі мол жарық диодты лампаларға ауыстырылды. Бұл электр энергиясын 8 есе аз пай­далануға мүмкіндік береді. Ал алтын өндіретін «Варваринское» акционерлік қоғамында күн энергиясын пайдаланатын қондырғылар орнатылды. Өйткені бұл қондырғы орнатылған учаске электр энергиясын беретін көзден шалғайда орналасқан болатын. Облыста жасыл экономикаға деген бастамалардың алғашқы көріністері осылай ЭКСПО-2017 көр­месінен бұрын да көріне бастаған. Об­лыста қолға алынған 1,4 млрд теңгені құрайтын 15 жобаның қазір алтауы жүзеге асты, қал­ғаны үшін де жұмыстар жүріп жатыр.

Жасыл экономика тек күн энергиясын пайдалану емес. Алдағы уақытта Қостанайда экологияны жақ­сарту, қоршаған ортаны таза ұстау жөнінде жұмыстар істеледі. «СарыарқаАвтоПром» машина жасау зауытынан электр энергиясымен жүретін JAC электромобильдері шығарыла бастады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, жер жүзінде көбейіп бара жатқан қатты қоқысты өңдеу – қоршаған ортаны таза ұс­таудың басты кепілінің бірі. Облыс ор­талығының іргесіндегі Қостанай ауданында қоқысты сұрыптайтын кешен құрылысы басталған. Аты айтып тұрғандай, бұл жоба айналадағы қоқысты сұрыптап, оны өңдеу арқылы одан басқа заттар алады. Бұл қоқыс полигонында қалдықтардың шамадан тыс көбеюіне жол бермейді, эко­логиялық тазалықты сақтауға қол жет­кізеді

Ет кластері көп мәселені шешеді

Ауыл шаруашылығын, оның ішін­де мал шаруашылығын, ет кластерін айтқанда ауызға Арқалық қаласы алдымен ілінеді. Бұл моноқаланың облыстың оңтүстік өңірін, жылдам өсіп келе жатқан Астана қаласын азық-түлікпен қамтамасыз етуде стра­тегиялық маңызы бар. Арқалық қаласында қазірдің өзінде жұмыртқа өндіретін құс фабрикасы, нан пісіретін, кондитер өнімдерін шығаратын ірілі-уақты кәсіпорындар бар. Бірақ Торғай өңірін негізінен ет және ет өнімдерін өндіруге бағыттау өңірдің эко­номикалық-әлеуметтік мәселесін шешіп қоймайды, облыстағы ет экспорты әлеуетін де көтеретін болады. Арқалық қаласында мемлекет көмегімен салынып жатқан ет өңдейтін заманауи ет комбинаты құрылысы аяқталуға таяу. 

«Бизнестің жол картасы-2020» бағдар­ламасы шеңберінде оның ин­женерлік инфрақұрылымы жасал­ды. «Торғай ЕТ» ет комбинаты ашы­лысымен-ақ облыстың оңтүстік өңі­ріндегі Арқалық маңы, Амангелді, Жангелдин, Науырзым және көрші Қарағанды облысының Ұлытау, Ақ­мола облысының Жарқайың, Есіл аудандарының тұрғындары малын осы кәсіпорынға әкеледі. Ен­ді тұрғындар алыпсатарларға арзан кететін малын ет комбинатына өзінің тиісті бағасымен өткізіп отыратын болады. Заманауи комбинатты шикізатпен қамтамасыз ету үшін Торғай өңірінде мал шаруашылығын барынша өркендету ісі күтіп тұр. Бұл аумақта жайылым жеткілікті. Ша­руа қожалықтарын көптеп құру, мемлекеттік бағдарламалар бо­йынша жеңілдіктерді пайдаланып, мал санын барынша көбейту ісі қолға алынды. Аталарымыз қашан да төрт түліктің жүрген жері береке екенін айтқан. Адамдардың жұмыспен қамтылу көрсеткіші де жақсара түсері сөзсіз.

Облыста сыртқы сауда жыл басынан бергі 7-8 айда 1685,4 млн долларды құрады. Сыртқа артылатын тауарлардың арасында ауыл шаруа­шылығы өнімдері, машина жасау және қара металлургияның бәсі басым. Еліміз бойынша экспортталатын азық-түліктің төрттен бірі Қостанай облысына тиесілі. Елімізде тек ұн экспортының өзінен облыс көш бастайды. Экспортқа өнім шығаратын «Баян сұлу» кондитер фабрикасы, «Фирма «Арасан» алкогольді емес сусындар кәсіпорны, «ЕвразКаспианСталь», «Қостанай ұн комбинаты», «СарыарқаАвтоПром» машина зауыты, «Милх» сүт зауыты, «БестКостанай» ұн комбинаты секілді кәсіпорындар инвестициялық қаржы құю арқылы өндірісті әлдеқашан жаңғыртып, үздік жабдықтар мен озық технологияларды енгізген болатын. Мал шаруашылығы мен ет кластері де осындай қаржымен және қамқорлық арқасында дамиды. 

Цифрландырудың кереметтері 

Қостанай өңірінде цифрландыру дамуды тездетіп, өмір сапасын жақ­сартатынына жұрттың көзі жетіп келеді. Алғашқыда «жеңіске тез жету­дің» Жол картасында облыстағы 77 шара белгіленген болатын. «Цифр­лы Қазақстан» бағдарламасы бойын­ша Қостанай облысы ауыл шаруа­шылығы мен денсаулық сақтау саласында «қанатқақты» өңір болып саналды. Кейінірек барлық мүм­кіндіктерді саралай келе, Жол картасына тағы да 53 шара қосылып, жалпы атқарылатын жобалар саны облыс­та 130-ға жетті. Қазір білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, көлік, қауіп­сіздік, өнеркәсіп, шағын және орта бизнес және агроөнеркәсіп ке­шені салаларында жоспарланған әлгі 130 жобаның 57-сі жүзеге асырылды. 

Әсіресе агроөнеркәсіп кешенінде көш бастап тұрмыз. Жер өңдеуде, құс шаруашылығында, сүт және ет фер­маларында «ақылды» технологиялар енгізіліп, ол ауыл шаруа­шылығы тауарларын өндірушілерге шығынды азайтып, өнімділік пен пайда әкеле бас­тады. Облыстағы цифр­лы технологиялар енгізген «Тер­ра», «Садчиковское», «Жас қа­нат»,­ «Қарқын», «Заречное», «Троя­на» жауап­кершілігі шектеулі серік­­тес­тіктері мен «Тэрра» шаруа қожа­лы­ғы секілді 7 агрофирманың тиім­ділігі жылдам артып келеді. Ауыл шаруашылығында бұл озық технология қанат жая беретін болады. Ал облыс өндірісіндегі Соколов-Сарыбай кен өндіру бірлестігі, «Варваринское», «Қостанай минералдары», «Баян сұ­лу» АҚ, «Промбаза-7» ЖШС секілді ірі кәсіпорындар өндіріске Индустрия 4.0 пен цифрландыру элементтерін қосты. Мысалы, Соколов-Сарыбай кен өн­діру бірлестігінің Качар кенішінде өткен жылдан бері жұмыс «ақылды карьер» технологиясымен жүреді. Қазір Қоржынкөл және Соколов-Сары­бай кеніштері де жұмысты барынша жеңілдететін, уақыт үнемдейтін осындай озық технологияға көшіп жатыр.

Облыста таяу күндері екінші рет өте­тін инвестициялық форум елі­міз­дің Үкімет мүшелерінің, орта­лық мемлекеттік органдардың, дипло­матиялық корпустың, халықаралық және ұлттық даму институттары өкілдерінің және шетелдік, отандық ин­весторлардың басын қосады. Өн­дірісті-аграрлы өңір саналатын Қостанай облысының инвестициялық әлеуеті жоғары. Жері құнарлы өңір мал шаруашылығына да, егін ша­руа­шылығына да қолайлы. Ауыл ша­руашылығы шикізатына бай бол­ғандықтан, мұнда қандай өңдеу кәсіпорнын салуға да жағдай бар. 

Облыста машина құрастыру клас­тері құрылып келеді. Бұл істе қазақ­стандық мазмұн жыл сайын өсе түсу­де. 

Бүгінде экономиканың қай саласын да инвестиция тарту арқылы дамытуға болатынын уақыт көрсетіп отыр. Қостанайда жеңіл өнеркәсіп те өз инвесторын іздеп тұрғандай. Аяқ киім өндірісі үшін атшапты­рым ғимарат бос тұр. Алдағы уақыт­та облыста инвестиция тартуда ізде­ніс жұмыстары тоқтамайды. Биз­несті дамытуда мемлекеттің көмегі де даяр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында «Бизнестің жол картасы» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырды. Жылына бұл үшін 30 млрд теңге бөлінеді. Облыс өңірінде «Бизнестің жол картасы» жүзеге асқан уақыттан бері 598,3 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, 4500 жұмыс орны ашылды, бюджетке 44,4 млрд теңге салық түсті. Инвестициялық қаржы мен бұл бағдарлама бірін бірі қолдап ынтымақтасқанда, экономиканы дамытудың тегеурінді тетігіне айналады. 

Мейіржан МЫРЗАЛИЕВ,

Қостанай облысы әкімінің орынбасары

ҚОСТАНАЙ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Қайнар Олжай: Жас журналист жайын сияқты болуы керек (Видео)

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев: Білім беру жүйесі реформалардың шырмауынан шыға алар емес

19.10.2018

Ұлттық құндылықтардың иесі – жастар

19.10.2018

Оралда студенттерге қызмет көрсету орталығы ашылды

19.10.2018

«Қазпоштаның» 25 жылдығына орай «Жазылушылар күні» ұйымдастырылды

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет қаржысын үнемдеуге шақырды

19.10.2018

Еуразия ынтымақтастығының маңызы зор

19.10.2018

Амангелді Кеңшілікұлының «Қазақты сүю» атты шығармашылық кеші өтті

19.10.2018

«Әзірет Сұлтан» қорық-музейінің 40 жылдығы аясында тарихи кітаптардың тұсауы кесілді

19.10.2018

Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыда жұмыс сапарымен болды

19.10.2018

Америкалық еріктілер оқушыларға ағылшын тілін үйретіп жүр

19.10.2018

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссия төрағасы Жан-Клод Юнкермен кездесті

19.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитіне қатысты

19.10.2018

Мүмкіндігі шектеулі жандарға мүгедектер арбасын сыйлайды

19.10.2018

Президент «Азия-Еуропа» форумының ХІІ саммитінде кездесулер өткізді

19.10.2018

Владимир Путин: Өзбекстан Ресейдің сенімді серіктесі

19.10.2018

Сенатор Рысқали Әбдікеров Қарағанды облысында жұмыс сапарымен болды

19.10.2018

Атырауда мамандандырылған ХҚКО құрылысы аяқталуы жақын

19.10.2018

Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жүргеновтің туғанына - 120 жыл

19.10.2018

Павлодар-Семей тасжолында көліктер өртеніп, бір адам мерт болды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу