Теннис • 09 Қазан, 2018

Теннистен «Кремль кубогы» басталады

316 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

 

13-21 қазан аралығында Ресей астанасы – Мәскеуде теннистен WTA санатына жататын белді жарыстардың бірі – «Кремль кубогының» жалауы желбірейді.

Теннистен «Кремль кубогы» басталады

1990 жылдан бері үздіксіз ұйымдастырылып келе жатқан дәстүрлі турнирде көптеген әйгілі теннисшілер өнер көрсетіп, солардың біразы өз уақытында мол олжаға кенелді. Былтыр өткен жарыста ерлер сайысында Босния мен Герцеговинаның өкілі Дамир Джумхур дара шықса, әйелдер арасында германиялық Юлия Гергес озған еді.

Жүлде қоры 790 000 АҚШ долларын құрап отырған биылғы турнирде Каролина Плишкова, Анастасия Павлюченкова, Дария Касаткина, Ализе Корне, Доминика Цибулкова, Миша Зверев, Андреас Сеппи, Дамир Джумхур, Малек Жазири сынды танымал ойыншылар өнер көрсетеді. Жарыс жолына шығататындар арасында Қазақстанның да өкілі бар. Ол – еліміздің бірінші ракеткасы Юлия Путинцева. Эстониялық Кайя Канепи Мәскеуге келуден бас тартқандықтан әлемдік рейтингте 47 сатыда тұрған жерлесіміз осы бәсекеде бақ сынау құрметіне ие болды.     

Ғалым СҮЛЕЙМЕН,

«Егемен Қазақстан»