Роботқа жұмыс керек

Егемен Қазақстан
10.10.2018 1184
2

ВАЛЬТАМ, Массачусетс – Үлкен ит секілді қозғалып, тізесін бүгіп, белін қимылдатып,  робот автотұрақ пен лай батпақты кесіп өтті. Суды жан жағына шашып, тіпті сол жерде би биледі. Содан кейін жолдағы кедергілерге соқтықпай бұрылып, өз жолымен келе жатты. Көріністің шынайы болғаны соншалық, төрт аяқты машинаны қолындағы джостик пен беліне байланған компьютер арқылы басқарып тұрған әйелді ұмытып кетесіз.

Бұл робот SpotMini деп аталады. Бұны әлемге жануарлар мен адамдар сияқты қозғалатын құрылыс машиналарын жасаумен танымал, 1992 жылы құрылған Boston Dynamics компаниясы жасаған. Компания келесі жылдан бастап өзінің алғашқы коммерциялық жобасы SpotMini-ді  саудаға шығаруды жоспарлап отыр.

Алайда қазірдің өзінде адамдардың осы роботтармен не істейтіні анық емес. Бұл жайт бірнеше жылдан бері адамдардың Boston Dynamics компаниясына «бұл бизнес пе, әлде  зерттеу жұмысы ма» деген сұрағына жауап беруді қиындата түсті.

«Біздің ойымызша, бұл технология тиімді түрде қолданылатын жағдайға жетті», деді компанияның негізін салушы Марк Райберт Бостонның жанында орналасқан робототехникалық зертханасында. «Бірақ біз бұның не екенін білмейміз», деді ол.

Технологиялық индустрияның бір бөлігі роботталған автомобильдер, жолдар мен қойма едендерінде қозғала алатын басқа да құрылғыларды жасап жатқанда, жапондық SoftBank конгломератына тиесілі Boston Dynamics тау таста, орманда емін еркін қозғала алатын машиналарды ойластырып жатыр. Алайда жүргізушісіз көліктердің заманы әлі келмесе, жүретін роботтардың күні алыс деген сөз.

Алайда бұл роботтардың да өз шектеулері бар. Олар кедергілерді анықтау немесе өрмелеу сияқты кейбір тапсырмаларды өз бетімен жасай алады. Бірақ бейтаныс жерлерде, мысалы, Boston Dynamics зертханасынан тыс жерлерде олар әлі күнге дейін адамдар тарапынан нұсқаулықты қажет етеді. Анығын айтқанда, олар YouTube-тағы видеолардағы көріністерден де жиі сүрініп, жиі құлап жатыр.

Раджер мырза 75 килограмм болатын, жүгіріп, секіріп, тіпті сальто жасай алатын антопоморфты робот Атластан басқа ешқандай роботты көз алдына елестете де алмайды. Бірақ SpotMini-дің әлі сатылымға шығуы күмәнды сияқты. Оның құны автокөліктің бағасынан кем емес және компания оны құрылыс компанияларына сатуды жоспарлап отыр. Райберт мырза ол машиналардың ойлы-қырлы, адамдарға қауіпті жерлерде зат тасымалдауға мүмкіндік беретінін айтты. Технология жетілдірілген сайын, бұл жеткізу роботы немесе автоматтандырылған күзетші болуы мүмкін.

Тіпті Boston Dynamics-тің бизнесі анықталғанға дейін күте тұруға дайын бизнесмен де дайын сияқты. SoftBank Сауд Арабиясының ханзадасы Мохаммед бин Салманның 100 миллиард долларлық инвестициялық қорымен жасалатын келісімге келу үшін ұзақ жылдар бойы жұмыс істейтін технология жасауға ұмтылады.

Роботтар әрқашан жапондық ғалымдардың назарында. Google компаниясына тиесілі Schaft компаниясы Boston Dynamics сияқты машиналарды зерттейді. Ал Toyota Research Institute Жапониядағы қатары күн сайын көбейген қарттарға қызмет көрсететін роботтарды ойлап табумен айналысып жатыр.

Boston Dynamics-те қызмет ететін Райберт мырза бұл роботтарды бизнеске, үкімет пен басқа да тұтынушыларға сатқысы келеді. 

Әрине таңқаларлық қадамдар, алайда роботтардың сальто жасауға қабілеттілігі сатып алушы жинай ала ма?

 

© 2018 The New York Times News Service

Мақаланы аударған Мәдина ЖӘЛЕЛҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.10.2018

Маңғыстауда теміржол вокзалында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің жәрмеңкесі өткізілді

16.10.2018

Жаңақала мен Қазталов ауданы тұрғындары таза суға қол жеткізді

16.10.2018

Қаржы министрлігі инвесторлардың жекешелендірілген нысандар бойынша міндеттер орындауын бақылайды

16.10.2018

Б. Сағынтаев «Президенттің Бес әлеуметтік бастамасын» іске асыру жұмыстарын жандандыруды тапсырды

16.10.2018

Қарсыластар арасында осалы жоқ

16.10.2018

Шабуылда Щеткин жоқ

16.10.2018

Алматыда Ингмар Бергманның мемориалдық көрмесі өтуде

16.10.2018

11 қазақ футболшысы алаңға шығады

16.10.2018

Маңғыстауда «7 -20-25» бағдарламасы бойынша 194 өтінім қолдау тапты

16.10.2018

Мемлекет басшысы Энергия тиімділігі орталығына барды

16.10.2018

Аралда пластикалық қайық жасалады

16.10.2018

Өскеменде Әміре Қашаубаев атындағы республикалық фестиваль өтеді

16.10.2018

Алматыда алма музейі ашылды

16.10.2018

Нұрсұлтан Назарбаев «Әсем» білім беру және таным орталығына барды

16.10.2018

Мектеп түлектері жарты жыл бұрын оқуға түсе алады

16.10.2018

Маңғыстау облысы 2018 жылға 464 миллиард теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр

16.10.2018

Қазақстан Ардагерлер кеңесі Бурабайда бас қосты

16.10.2018

Спорттың жекпе-жек түрлері бойынша конфедерация кубогының іріктеу туры өтті

16.10.2018

Кашемирді күтіп киіңіз

16.10.2018

Қыз-келіншектерді маммологке тегін тексерілуге шақырады

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

О́mir kúzetindegi meıirim

Otbasylyq jáne jeke basynyń jaǵdaıyna baılanysty Germanıadaǵy oqýynan eriksiz qol úzip, týǵan jerge oralǵan Ǵabıt Nurhanuly esimdi azamattyń feısbýktegi jazbasy kóńilge túrli oı saldy. Elimizdegi densaýlyq saqtaý salasyndaǵy kóptegen túıtkildi synaǵan avtor nemis halqynan kóp nárseni úırenýimiz kerek deıdi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу