Әдебиет • 10 Қазан, 2018

Қайымның хаты

585 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ғалым, абайтанушы Қайым Мұхамедхановтың еш жерде жарияланбаған хаты табылды. Бұл хат өзінің шәкірті Шаймардан Хайруллинге жазылған екен. 

Қайымның хаты

Хатта:

«Қадірлі інім Шаймар­ден!­ 

Сенің 6 мартта жаз­ған хатыңды, одан ке­йін­­гі екінші хатыңды және Бә­тен келіннің сәлем­де­месін де алдық. Бір кездегі ұстазыңды ұмытпай хат жа­зып, хабарласқаныңа рақмет!

Бәтен келінге, бала­ла­­­рыңа сәлем айт. Мен се­­ні ұмытқаным жоқ. Жақ­­­сы оқитын шәкіртім болдың. Келе­шегіңнен үміт күтіп, әдебиетші-ға­лым болар деп ойлайтын едім. Абай му­зейінде ғылыми қыз­меткер болып іс­тей бастағаныңды да ұмытқам жоқ. Оған да­ 34 жыл болып қалыпты. Біз де есен-сау­мыз. Өзім сол инс­­титуттамын. Екі ба­лам пединститутта, бір ба­­лам пед­училищеде сабақ береді. Үшеуі Семейде бас­­қа қызметте. Енді үш баламыз Ал­матыда. Бәрінің жоғары дәрежелі білімі бар. Бір ортаншы ұлымыз осыдан екі жыл бұ­рын қайтыс болған. Қар­­лығаш – ең кен­жеміз. Жеңгең – Фар­хинұр. 

Міне, біздің қысқаша хал-­ахуа­лымыз. Абай му­зейінде істеген адамдарды­ ұмыт­папсың. Борис Алек­сандорович Акер­­ман үлкен ғалым адам еді. Ол кісі қай­тыс болған. Сәулет Дөнен­таева (Сәбит Дө­нен­таев ақынның қызы) Совет қызыметкері болып кеткен еді. Алматыда тұ­рады. Қазір пенсияда. Әдеби зерттеу ісімен шұ­ғылданады екен­сің. Оныңа қуаныштымын. Жаз­ған мақала, жинаған ма­териалдарыңды мүм­кін болса маған жібер. 

Хабарласып тұрарсың. 

Аға­лық көңілмен – Қайым Мұқамет­ха­нов.

Р.S. Ескерткіш болсын деп 

Мұхтармен бірге түс­кен суретімді жібер­­­дім. Семей. 30 март 1984.» делін­ген.

Қайым ұстазының шә­кіртіне «Мен сені ұмыт­­қаным жоқ. Жақсы оқи­тын шәкіртім болдың. Ке­лешегіңнен үміт күтіп, әде­биетші-ғалым болар деп ойлайтын едім» дегені сайып келгенде үлкен кө­регенділік, талантты тани білу. 

Сөзіме дәлел: облыстық «Қы­зыл ту» га­зетінде (қа­зіргі «Сарыарқа самалы») 1988 жылы 22 маусым күні Шаймардан Хайруллиннің «Ақын Бақы» атты ма­қа­ласы жарық көреді. Атал­мыш мақаласын: «Ел аузында сақталып қалған көп­шілікке белгісіз шешендер мен ақындардың сөз­дерін жинауда кейінгі кезде батыл қадам­дар жасалып жүр. Менде өз тарапымнан осы бір игілікті іске әде­биет­ші ретінде үлес қосу ниетімен ақын Бақы Сартаевтың ел аузында сақ­талған шы­ғар­­малары туралы бірер сөз жазбақ­пын» деп бастаған екен. Ақын Бақы Сар­таевтың қай жерде туып, қай жерде жер­ленгені жайлы да Шаймардан ағамыз өз мақаласында сөз еткен екен. Әлі де ізденіс үстінде жүргендігін тілге тиек етіп, ақын хақында білетін адамдар болса, мақала авторына хабар беруін де сұраған. 

Оған қоса, Май аудан­дық «Шамшы­рақ» газетінің 1984 жылғы 4 тамыз күні жария­ланған нөмірінде «Шешендерден сөз қалған» ма­қаласы да заты бөлек әде­биет­шінің жұмысы. 

Шаймардан Хайруллин Май ауданы «Қызыл құра­ма» ауылында (қазіргі Бас­көл) бірнеше жылдар төңі­регінде мұға­лімдік қыз­мет атқарған. Әдебиетке деген ерекше махаббатының арқасында болар, көптеген әдеби кітаптарды том-то­мымен жинастырған. Сол кітаптардың арасынан 1940 жылдары жарық көрген, латын әліпбиімен жазыл­ған кітаптар да жо­­лық­ты. Әр кітаптың арасынан сол жыл­дардағы басы­лымдардың, атап айтқанда «Лениншіл жас», «Қазақ әде­биеті», «Қазақстан мек­тебі», «Қазақстан пио­нері» сияқты газет-журнал бет­терін­дегі әдебиетке қатысты мақалалардың қиындылары көптеп кездеседі. 

Жазған мақалалары өзі­ ту­ған өңірінің алып тұл­­ға­­лары жайында бол­ғандықтан болар, ақын бо­йы­нан асқақ патриоттық се­зім байқалып-ақ тұр. Осын­дай ақын ағамыздың ғылымға деген, туған же­рінің әдебиеті мен тарихы­на деген сүйіспеншілігі, ізде­німпаздығы қазіргі жас­тарға үлгі-өнеге болары сөзсіз. 

Бәкіжан КӘКІМ,

қазақ филологиясы мамандығының 3-курс студенті