Қоғам • 10 Қазан, 2018

Маңғыстауда Елбасы Жолдауына орай облыс активінің жиналысы өтті

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ақтауда өңір басшысы Ералы Тоғжановтың қатысуымен облыс активінің жиналысы өтті. Жиын барысында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың "Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру»атты жаңа Жолдауында айтылған мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін қажетті шаралар айқындалды.

Маңғыстауда Елбасы Жолдауына орай облыс активінің жиналысы өтті

Аймақ басшысы Жолдаудағы бірінші басымдық халық табысының өсуі екенін атап өтті. 28 мың бюджет қызметкерінің еңбекақысы орта есеппен 35% - ға өседі. Сонымен қатар, мүмкіндігі шектеулі 25 000 адам үшін төлем мөлшері ұлғайтылатын болады. Сондықтан Ералы Тоғжанов барлық бюджеттік мекемелерге, жалақыны көтеру туралы есепті экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына дереу ұсынуды тапсырды.

Бәсекелестікті дамыту және монополистік компаниялардың тарифтерін реттеу мәселесі бойынша облыс әкімі монополияға қарсы Департаментке қалалық және аудандық әкімдіктермен бірлесе отырып, тұрғындардан жиналған қаражатты тиімді пайдалану бойынша монополистер мен ПИК-ке тексеру жүргізуді тапсырды.

Жиынға  қатысқан бизнесөкілдері, ұстаздар қауымы мен жастар жағыжолдауда айтылған мәселелерге қатысты өз ойларын ортаға салды. Кәсіпкер Надежда Карась кәсіпкерлерді дамытуға және қолдауға ерекше көңіл бөлінгенін атап өтті.

- Біз несиелеуге қол жеткізгенде өндірісті дамытуға және жаңғыртуға дайынбыз. Екінші деңгейдегі банктермен ұзақ мерзімді қаржыландыру бойынша жұмыс істеу қиын, пайыздық мөлшерлемелер өндірісті дамытуға мүмкіндік бермейтін жоғары, сондықтан Президенттің бұл мақсаттағы халық тұтынатын тауарларды шығаратын жобаларға 600 млрд.теңге бөлінетіндігі туралы шешімі өте өзекті және уақтылы. Бұл шешім отандық өндірістің дамуына серпін береді, деді ол.

Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»

Маңғыстау облысы