Саясат • 10 Қазан, 2018

Әлем мен қауіпсіздік ажырамас ұғым – Сербия Президенті

387 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI съезі «Дін көшбасшылары қауіпсіз әлемді жақтайды» атты жалпы отырысында Сербия Президенті Александр Вучич мәлімдеме жасады.

Әлем мен қауіпсіздік ажырамас ұғым – Сербия Президенті

Суретті түсірген Орынбай Балмұрат

«Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев! Құрметті Қасым-Жомарт Тоқаев мырза! Құрметті әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшыларының съезіне қатысушылар! Бүгін осы форумға сіздермен бірге қатысу үлкен мәртебе. Сербия Республикасының атынан өклідік ету үлкен мәртебе», деді Сербия басшысы Александр Вучич.

Әлем мен қауіпсіздік ажырамас ұғым деп, рухани құндылықтарсыз қоғамды ұстап тұру мүмкін емес екенін атап өтті.

«Сондықтан ол осы негізгі рухани мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған үлкен міндеттерді алға қойып отыр. Бұл барлық бүкіл планетадағы тіршіліктің басын біріктіруге бағытталған негізгі мақсат. Рухани құндылықтарсыз біз өмір сүріп жатқан қоғамның болуы мүмкін емес. Біз сол үшін әлемді жақсарту үшін қолымыздан келгенін жасаймыз», деді Сербия Президенті.

Мәлімдеме соңында Александр Вучич дін мен руханиятқа қатысты еркін пікір білдіруіне мүмкіндік берген Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

Ақмарал АҒЗАМҚЫЗЫ,

«Егемен Қазақстан»