Бақытжан Сағынтаев Жолдаудың міндеттерін түсіндіру үшін Шығыс Қазақстан облысына келді

Бүгін Мемлекет басшысының тапсырмасымен ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына келді. Президенттің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауында алға қойған негізгі міндеттерді түсіндіру мақсатында Семей және Өскемен қалаларында активпен және жұртшылықпен кездесулер өтеді., деп хабарлайды Премьер-Министрдің баспасөз қызметі. 

Егемен Қазақстан
10.10.2018 924
2

Семей қаласында активпен және жұртшылық өкілдерімен Президент Жолдауыныңнегізгі бағыттары талқыланады. Атап айтқанда, халықтың табыс деңгейін арттыру, білім беру мен денсаулық сақтау сапасын жақсарту, тұрғын үйдің қолжетімділігі мәселелері қаралады. Бұған қоса, Премьер-Министр бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралап, солардың негізінде өңірде «Нұрлы жол», «Нұрлы жер», «Денсаулық» және т.б. мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуымен танысады.

Облыс орталығында активпен және жұртшылықпен кездесуде халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік міндеттерге баса көңіл бөлінеді. Көптеген мәселелер, соның ішінде индустрияландыруды, шағын және орта бизнесті, АӨК дамытудың, өңірлерді тұрақты дамытудың жаңа тәсілдері қаралады. Өскемендегі өңдеу өнеркәсібінің ірі нысандары мен білім беру мекемелерін аралау жоспарда бар.

Өңірге жасалған жұмыс сапары Семей қаласынан басталды. Премьер-Министр ұшып-қону жолағы мен аэровокзалды реконструкциялау нәтижесімен танысты. Шығыс Қазақстан облысының әкімі Д. Ахметовтың баяндауынша, әуежайды жаңғырту рейстер мен жолаушылар санын ұлғайтуға, сондай-ақ, ұшу кезіндегі қауіпсіздік деңгейін арттыруға жол ашады.

2016 жылғы желтоқсанда «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында басталған әуежайды реконструкциялау жұмыстары биыл аяқталады. Жобаны іске асыру ұшу-қону жолағын, жер үстімен жүру жолдарын және перронды, сондай-ақ, аэровокзал ғимаратын жөндеуді қамтыды. Ұшу-қону жолағына қатысты жұмыстар толықтай аяқталған: бүгінгі таңда аталған жолақ облысаралық және облысішілік авиарейстердің әуе кемелерін қабылдап, жөнелтеді. Осы жылдың 2 қыркүйегінен бастап ұшу-қону жолағы «Өскемен — Семей — Үржар», «Семей — Алматы», «Семей — Астана» бағыттары бойынша Ан-24 типіндегі ұшақтарды қабылдайды. Аэровокзалға қатысты жалпы аяқталған жұмыстар бүгінде 93% құрайды.

Жаңғырту қорытындысы бойынша әуежай «В» санатындағы халықаралық әуежайларға арналған ИКАО (Халықаралық азаматтық авиация ұйымы) талаптарына сай болады. Ал бұл 300 жолаушыға дейін тасымалдай алатын Boeing, Airbus, ИЛ-76 типіндегі әуе кемелерін қабылдауға мүмкіндік береді. Яғни, тәулігіне 25-30 рейске дейін, сағатына 200 адамға дейін қызмет көрсетуге жол ашылады. Жолаушылар терминалының ғимараты қауіпсіз пайдалану талаптарына жауап беретін болады, ал ол жолаушыларға қызмет көрсету сапасын едәуір жақсартады.

«Scat, Qazaq air, Bek air, Air Astana секілді отандық авиакомпанияларды тартумен қатар, Ресей Федерациясына, Түркияға, Мысырға, Біріккен Араб Әмірліктеріне халықаралық рейстерді ұйымдастыруға мүмкіндік туады. Аэровокзалда халықаралық және ішкі әуе қатынастарының жекелеген залдары пайда болады, заманауи тексеру жабдығы орнатылады. Жалпы, кешенде 250-ден астам адамға жұмыс орны ашылады», — деп баяндады Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С. Ақтанов.

Еске сала кетейік, Премьер-Министр Мемлекет басшысының тапсырмасымен ел өңірлерін жұмыс сапарымен аралап жүр. Осыған дейін Бақытжан Сағынтаев Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан), Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Павлодар облыстарында жұмыс сапарларымен болды.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

13.12.2018

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Ұлттық Банк жүзеге асырады

13.12.2018

Түркістан облысында мақта қалдықтарынан электр қуатын өндіретін зауыт салу жоспарлануда   

13.12.2018

«Мұрагер ханзада» компаниясының өкілдері Екібастұзда болды

13.12.2018

Елбасы Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің Мемлекеттік хатшысы Станислав Засьпен кездесті

13.12.2018

Қыздар университетінде Нұртас Оңдасыновқа ескерткіш тақта орнатылды

13.12.2018

Тағы төрт спортшы допингпен ұсталды

13.12.2018

Ұлағатты ұстазбен кездесу өтті

13.12.2018

Түрікменстанның вице-премьері: екі ел арасындағы әрекеттестіктің деңгейі жоғары

13.12.2018

«БҰҰ Адам құқықтары Жалпыға ортақ Декларациясына» 70 жыл» шарасы өтті

13.12.2018

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне 20 жыл толуына орай дөңгелек үстел өтті

13.12.2018

«Qazaq Banki» АҚ салымшылары кепілдік берілген депозиттері бойынша өтемді ВТБ-дан алатын болды

13.12.2018

Атырауда сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобалық кеңсе ашылды

13.12.2018

Алматыда қаланың үздік мұғалімдері марапатталды

13.12.2018

Джиу-джитсудің хас шеберлерінің жүлдесі үшін жарыс өтеді

13.12.2018

Қ.Тоқаев қытайлық Genertec холдингінің басшысын қабылдады

13.12.2018

«Нұр Отан» партиясының депутаттары Алматының 2019 жылғы бюджетіне ұсыныстар енгізді

13.12.2018

Алматыда АИТВ-мен өмір сүретіндерге көмектесетін мобильді қосымша таныстырылды

13.12.2018

Үш ардагерге «Қарағанды облысының құрметті азаматы» атағы берілді

13.12.2018

Левандовски мергендер көшін бастады

13.12.2018

Қазақфильм «Қызғалдақтар атамекені» деректі фильмін жарыққа шығарды

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Baılyq jasaýshy sala

Árbir adam óz úıiniń ishinde qandaı zattar bar ekendigin jáne onyń qaı jerde turǵandyǵyn, qaı shkaftyń ishinde qandaı zattyń jatqandyǵyn, jertólesinde qandaı azyq túrleriniń saqtalyp turǵandyǵyn jaqsy biledi. Sondyqtan eshnársesin shashaý qaldyrmaıdy. Qajetine qaraı paıdalanyp otyrady. Al ózimizdiń ortaq úıimiz – Qazaqstanda qandaı zattar bar ekendigin, ásirese, jerimizdiń astynda qandaı mıneraldyq shıkizat kózderiniń shoǵyrlanǵanyn jáne olardyń qory qandaı ekendigin bilemiz be?

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Nápaqa qaıdan tabylar?

  «Qul bazar» tek qazaqqa arnalǵan sıaqty, 100 paıyz qazaq, qazaqtan basqa ult joq qul bazarda jaldanyp turǵan», dep kújingen jazba oqydym áleýmettik jeliden. Nege? Onyń sebebiniń biri – qazaqtyń kásip ıgerýge kerenaýlyǵynda tárizdi.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»

Qazaqtyń jylqytaný ilimi

Memleket basshysy Nursultan Nazarbaevtyń «Uly da­­lanyń jeti qyry» atty maqalasynda, «Atqa miný mádenıeti men jylqy sharýashylyǵy jer júzine Uly daladan taraǵan» degen toqtamdy pikir aıtylypty. Rasynda da, Elbasy atap ótkendeı jylqy mádenıeti men atty miniske úıretýdiń dara tehnologıasy uly dalada qalyptasqany anyq. Iаǵnı, jylqy mádenıetiniń san ǵasyrlyq qalyptasý, damý kezeńderi bıologıalyq jolmen júrgizilgen. Qazirgi tilmen aıtsaq, jylqytaný kóshpeli qoǵamnyń álmısaqtan qanyna sińgen tól óneri hám genetıkalyq jadysynyń keremet týyndysy.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Táýelsizdiktiń tańǵajaıyptary

О́tken joly jazǵan baǵanymyzda («EQ», 21.11.18) Táýelsizdiktiń arqasynda qazaq jastarynyń sporttyń elıtalyq túrlerinen álemdik dodalarda tek sońǵy jyldary ǵana top jaryp jatqan birneshe mysaldaryn keltirgen edik. Sonymen birge qazaq ánderimen, ulttyq áýenmen álemdi aýzyna qaratyp júrgen ánshilerimiz týraly da jazǵanbyz. 

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Jekemenshik teatrlar jaıy

Jalpy, kez kelgen halyqtyń mádenıeti men rýhanı damý deńgeıi teatr salasyndaǵy jetistikterimen ólshenetini tarıhtan málim. О́rkenıetti memleketterdegi bir ǵana qalanyń ózinde teatr sany 200-den asyp jyǵylatyndyǵy sonyń buljymas dáleli bolsa kerek-ti.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу