Әдебиет • 10 Қазан, 2018

Ұлттық кітапханада Шерхан Мұртазаны еске алды

835 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақ қарасөзінің қызыл жебесі» атты  Қазақстанның халық жазушысы, публицист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаны еске алу кеші өтті. 

Ұлттық кітапханада Шерхан Мұртазаны еске алды

Шараға қаламгердің көзін көрген үзеңгілес, замандас достары, әріптестері, ағалық қамқорлығы мен шарапатына бөленген рухани інілері мен шәкірттері қатысып, қазақ баспасөзі мен әдебиеті баһадүрінің адами болмысы, өмірі мен шығармашылығы жөнінде жан-жақты естеліктер айтылып, қайраткер тұлғаның қоғамдық қызметтегі еңбегіне тұшымды баға беріліп, азаматтық ұстанымы мен тұлғалық болмысына баса тоқталды.

Сондай-ақ, іс-шара барысында жазушының көркем әдеби дүниелері мен публицистикалық шығармалары топтастырылған көрме ұйымдастырылып, қалам иесі кезінде қызмет еткен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), («Социалистік Қазақстан» ( қазіргі «Егеменді Қазақстан») газеттері мен «Жалын» және «Жұлдыз» журналдарының сарғайған архивтік тігінділері де Шерхан Мұртаза әлеміне бас иген оқырмандардың назарына ұсынылды. Еске алу кешінде тұлға жайлы әсерлі естеліктер айтылып, деректі фильм көрсетілді.  

Назерке ЖҰМАБАЙ,

«Егемен Қазақстан»