Атырау облысында мемлекет басшысының Жолдауы талқыланды

Атырау облысының активі мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауын талқылап,  осы бағдарламалық құжатты жүзеге асыру аясында қолға алынатын алдағы міндеттерді бірге белгілеу үшін жиналды.

Егемен Қазақстан
10.10.2018 1349
3333
2222
2222
2222
2222
2222

Актив жұмысын бастаған облыс әкімі Нұрлан Ноғаев Елбасының биылғы Жолдауы халықтың әл-ауқатының деңгейін жоғарылатуға бағытталғанын атап өтті. Жиында экспортқа бағытталған индустриализация, инновациялық және сервистік секторды дамыту, агроөнеркәсіптік кешен әлеуетін пайдалану мәселелері талқыланды. Президент Жолдауы аясында адам капиталын дамыту, яғни білім беру, денсаулық сақтау, бұқаралық спорт нысандарының қолжетімділігін арттыру бойынша жасалатын жұмыстар қатары көп.

-Мемлекет басшысы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын 2025 жылға дейін ұзартуды тапсырды. Бұл тағы да көп жобаларды жүзеге асыруға, сол арқылы кәсіпкерлікті дамытуға мүмкіндік береді. Аталған бағдарлама іске  аса бастаған уақыттан бері, 2010-2018 жылдар аралығында 1158 кәсіпкер 81,3 млрд теңге көлемінде мемлекеттік қолдауға ие болды, -деді Нұрлан Ноғаев. –Бұл 5,7 мыңнан астам жаңа жұмыс орнының ашылуына септігін тигізді.

Аймақтағы бизнес-құрылымдармен жалпы сомасы 182,6 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Мемлекеттік қолдау бағдарламалары кәсіпкерлерге жаңа өндіріс орындарын ашуға серпін берді. Қазір өңірдегі шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 57 мыңға жетті. Бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау үшін облыс орталығында, барлық аудандарда кәсіпкерлерді қолдау орталықтары ашылды.

-Мемлекет басшысы халықты алаңдататын мәселелерге жеке-жеке тоқталды. Бірінші кезекте тұрғын үй-коммуналдық саладағы тарифтер. Атырау облысы бойынша коммуналдық қызмет тарифтері, соның ішінде электр энергиясы, су және кәріз қызметтері бойынша  биыл өсу деңгейі болған жоқ, - деп атап өтті Нұрлан Ноғаев. –Жолдаудың тағы бір бағыты экспортқа бағытталған индустриализация мәселелері. Облыста 44 кәсіпорын экспортқа бағытталған өнім шығарады. Жыл басынан бері 152,4 млн доллардың тауары өндірілді. Аталған кәсіпорындардың белсенділіктерін арттыру бойынша жұмыс жүргізіп жатырмыз.

Отандық экономиканың маңызды саласының бірі – ауыл шаруашылығы. Президент еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға 2,5 есе көбейтуді тапсырды. Сондықтан қазіргі заманғы агротехнологияны жаппай тәжірибеге енгізу керек.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев активке қатысушы аграрлық қызметкерлерге  ауыл шаруашылығын жан-жақты дамыту қажеттілігі туралы ескертті. Бұл бағытта аймақта үлкен жұмыстар жүріп жатыр. Қазір электронды картаға 6432 егістік алқапты қосу жұмыстары жалғасуда. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеті  мыңнан астам алқап электронды картаға енгізілді.

-Жолдаудағы басым міндеттердің бірі - ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің жаңа дағдыларын үйрету. Жаппай оқыту жүйесін қалыптастыру мақсатында биыл «Бастау бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негізде оқытуға жергілікті бюджеттен 55,9 млн теңге қаражат бөлініп, оған 1 325 адам «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы арқылы оқытылу жоспарланған, - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығын қаржыландыруды көбейту жоспарда бар. Алдағы бес жылда агроөнеркәсіп кешеніне салынатын инвестиция 7,4 млрд теңгеге жететін болады.  

Жолдау жүктеген міндеттер қатарында дәстүрлі емес энергия көздерін енгізу, халық тұтынатын тауарларды шығаруды дамыту да бар. Жоғарғы, орта білім беру беру салаларында жаңалықтар күтілуде.

-Биыл білім беру саласын дамытуға 62,2 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражат білім берудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға тікелей ықпал етеді, - деді Нұрлан Ноғаев.

Өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру бағытында елімізде «7-20-25» бағдарламасы қолға алына бастады. Ол қазақстандықтарға тұрғын үй ипотекасын алу мүмкіндігін арттыруға арналған. Мемлекет басшысы әкімдерге жергілікті бюджеттен жеңілдетілген ипотека бойынша бастапқы төлемді ішінара субсидиялауды, ірі қалаларда жалдамалы тұрғын үй құрылысын көбейтуді тапсырды. Атырау облысында осы мәселені шешу үшін тұрғын үй алуға әлеуметтік қолдаудың екі нұсқасы қаралып жатыр – 1 млн теңге көлеміндегі әлеуметтік көмек және 15 жылға процентсіз қарыз беру.

Актив барысында аумақтық даму, полиция қызметінің жұмысын оңтайландыру  туралы да айтылды. Жалпы активке қатысушылар Президенттің Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттердің маңыздылығына тоқталып, оларды жүзеге асыруға дайын екендерін жеткізді. Жиынға қатысушылар мемлекет басшысының кезекті Жолдауының уақытылы әрі маңызды екенін айтып, атыраулықтардың ел дамуындағы ерекше құжатты жүзеге асыруға үлес қосатындарын атап өтті.

Бақытгүл БАБАШ,

«Егемен Қазақстан»,

АТЫРАУ

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

19.10.2018

Ресей қорғаныс министрлігінің апатқа ұшыраған Л-39 ұшағының құлаған жері белгілі болды

19.10.2018

Түркі кеңесінің Экономика министрлерiнiң 8-шi кездесуi 2018 жылдың 17 қазанында Бішкекте өттi

19.10.2018

Багам аралдарында Бағытбергеновтың бағы жанды

19.10.2018

Ұлттық банк халықтың құқығын бұзған банктерді атады

19.10.2018

Ресей, Қазақстан, Өзбекстан жаңа ғарыш жобасын бастамақ

19.10.2018

Нәтижесі көңілімізден шығады

19.10.2018

Робот техникасынан өткен халықаралық чемпионатта қарағандылықтар жүлдемен оралды

19.10.2018

«Өзен» фильмі «Азиялық Оскардан» үмітті

19.10.2018

Танымал ақын Абдрахман Асылбеков өмірден озды

19.10.2018

Айкерім Мұқағалидың ауылына барады

19.10.2018

Парламент Сенатының депутаты Атбасарға барды

19.10.2018

Ең төменгі жалақыны ұлғайту үшін үш жылда 288,9 млрд теңге қарастырылған - Қаржы министрі

19.10.2018

Ақтау-Баку бағытындағы жүк кемесінің экипаж мүшелері уланды

19.10.2018

Қазақ­стан 140 елдің ішінде 59-орынға табан тіреген

19.10.2018

Зиялы қауым өкілдері Жолдауға пікір білдірді

19.10.2018

Қазақстанда Ішкі істер департаменттерінің атауы өзгертілді

19.10.2018

«Азия-Еуропа» саммиті Брюссельде өтіп жатыр

19.10.2018

Оралда Ассамблея мүшелері кеңесті

19.10.2018

Амангелді Кеңшілікұлы: «Әдебиетіміздің алтын ғасыры алда»

19.10.2018

Данияр Елеусінов: Бостонда айқасу - мен үшін абырой

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Ádep pen ádet

Jýyrda Almaty qalasyna jolymyz túsip, taǵylymy mol tamasha toıǵa qatystyq. Taý shatqalyna aqshańqan shatyr tigip, qudalaryn taǵatsyzdana kútip turǵan almatylyqtardyń ónegeli isine kóz toıyp, kóńil marqaıady. Biz toıly aýylǵa qudalar kelmeı turyp barǵan edik. Qyzyq ıelerimen burynnan tanyspyz. Arǵy túbi Arqanyń qazaqtary. Ultymyzdyń qadym zamandardan beri kele jatqan salt-dástúri, tartý-taralǵysy, jón-joralǵysy yqylym josynymen úılestirilgen toıdyń erekshe bolatyny sezilip tur.

Құрманәлі Қалмахан,

О́zge elde sultan bolǵansha...

Áı, qaıdam... О́zge elde sultan bolý qazir qıyn-aý. Sebebi óz eliniń Sultandary turǵanda shetten kelgen «bótenderdi» kim jaqtyra qoıar dersiz?! Soǵan qaramastan túrli sebeptermen shetel aýyp, «jumaq» araldaryn izdeýge bel býǵandar qarasy azaımaı tur.

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу