Қыз Жібек келін болып түскен жер

Сұрасаң руымды –Жағалбайлы,  жылқысын көптігінен баға алмайды.

(«Қыз Жібек» жырынан) 

Егемен Қазақстан
11.10.2018 2180
2

Қалың қазақ елі «Қыз Жібек» жырын жырлап келе жатқанына бес жүз жылдан астам уақыт өтті. Жырдың басты кейіпкерлері: Ба­зарбай, Төлеген, Қыз Жібек, Сан­сызбай – бәрі-бәрі тарихта бол­ған адамдар. Уақиға желісі де Жа­ғалбайлы елінде, Жайық бойында өткен. Жырда (фильмінде де) Тө­легенді Бекежан опасыздықпен өл­тіргеннен кейін, сүйгенінен айырылған Қыз Жібек қайғыдан құса болып, суға кетіп өледі. Шын­дығында олай емес. Төлегенді өл­тірген Бекежан емес, Кескентерек те, Қыз Жібек суға кетпейді. Тө­ле­геннің інісі Сансызбай талай жауды жеңіп, жеңгесін еліне алып қайтады да, одан екі ұл дүниеге келеді. Сансызбайдың тұңғышы тарихта Төс батыр деген атпен белгілі. Оны біз Қожаберген жыраудың «Елім-ай» поэмасынан жақсы білеміз. Онда мынандай жолдар бар:

Жағалбайлы Төс батыр,

Өз халқына ес батыр,

Жиырма алтыда жасы бар,

Қалмақтарға өш батыр,

Сансызбайдың өзіндей,

Көрсеткен жауға сес батыр.

Бұдан қазақ қолының қолбас­шылығына лайықты Төлеген ұлы Төс батырдың нағыз бейнесін көре­міз.

Енді осы «Қыз Жібек» жырының бастауына бір көз жүгіртсек. Жоға­рыда атап өткендей, жыр уақиғалары шын­­дыққа ұласады. Алғашқы кезде­ бұл уақиғалар ауыздан-ауызға жал­ғасып, қара сөз күйінде айтылып жүр­ген аңыз болған екен. Мына жыр жолда­ры арқылы сол аңызды өлең­ге айнал­дырған Сегіз сері (Мұ­хаммед-Қанафия) Баһ­рамұлы бол­ғанына көзіміз жетеді. Бір сәт ақынды тыңдап көрелік.

Жылқы жылы садақ салып шық­тық елден, 

Шалқардың бойындағы елге келгем.

Елдері Кіші жүздің: 

Шекті, Табын,

Нияз бен екеумізді құрметтеген.

Жасынан жақсы атадан үлгі көрген,

Көтібар, Арыстандай батыр, мерген.

«Ер Сегіз, жыр шығарсаң есіңе ал» деп,

Қызықты бір уақиға айтып берген. 

Бұл өзі уақиға екен мол деректі,

Жырлауға осындайды болдым епті.

Есітіп Төлеген мен Жібек жайлы,

Қисса етіп баяндауға көңілім кетті.

Жайық бойындағы қалың Жағал­байлының ішінде бұл жырдың толып жатқан нұсқалары бар. Соған қа­рағанда, «Қыз Жібек» жырының ав­то­ры жалғыз Сегіз сері болмаса керек. Ол жағын зерттеуші-ға­лым­дар әр қырынан келіп зерттеп, ел­ге түсіндіре жатар. Бізге керегі – Ба­зар­бай бабамыздың, Төлеген мен Қыз Жібек, Сансызбайға қатысты уақиға бол­ған жер мен олардың ұрпақтары хақында.

«Қыз Жібек» жырындағы ақын жырлаған жер-су аттары ертеректе шал­дардан естіген көптеген жайларды есіме түсіргендей болды. Ақсақалдар айтатын: «Базарбайдың елі Жайық бойында, жаз жайлауы Хан тауы мен Хан жайлауы. Атадан қалған әңгімеге сенсек,­ Ба­зар­бай ұрпақтарының бізге жет­кен ең соңғысының есімі – Жан­қасқа, шамасы Ор жақта болса керек. Бабаларың жайлы бірдеңе біл­гілерің келсе Жанқасқаны, Хан тауы мен Хан жайлауын іздеулерің керек», дейтін олар. Сегіз сері ақын солардың барлығын тізіп беріп отыр. Ақын бір сөзінде «Бір табы Бескүректің Қарабатыр, Тігеді Хан жайлауда ақшаң шатыр», – десе, жырдың екінші бір жерінде: 

Болғаны уақиғаның рас екен,

Арқауы әңгіменің біраз екен,

Өткенді кейінгіге жырлап беру,

Ақынға біз сияқты мирас екен.

Өтініп айтқаннан соң ер Арыстан,

Сөз қалмас біз сияқты 

жолбарыстан.

Сұрады жырлауымды 

Жанқасқа да,

Қалсын деп, ұрпақтарға 

сізден дастан»,

– дейді (Сегіз сері Баһрамұлы. Таңдамалы шығармалары, бірінші том. 67-бет).

* * *

Бала кезімізде үлкендер айтатын «Ақ Жайықтың бас жағында, Шеген ба­бамыз бастаған Жағалбайлы туын тіккен Хан тауы деген жер бар. Ол жер Төлегеннің әкесі Базарбайдың ме­кені. Төлеген Қыз Жібекті із­деуге сол жерден аттанған». Ен­дігі мақсатым сол Хан тауы мен Хан жайлауын­ табу, көру болды. Ба­зар­бай, Төле­ген, Жібек, Сан­сыз­байлар суын ішіп, саф ауасын жұт­қан бұл жерлер қандай екен деген арман мені Ақ Жайықтың басына (Башқұртстан жері) талай алып келді. Бірақ Хан тауы мен Хан жайлауын ешкім білмейді екен. Ескі атауларды ел ұмытқан сияқты. Өз арманымды ауылдың аза­маттарына да талай айттым. Ақыры 2010 жылдың шілдесінде бір топ азамат бас қосып, Хан тауы қайдасың деп, Верхнеуральск (бұ­рынғы Талқала, Ресейдің Челябі об­лысы) қаласын бетке алып жолға шық­тық. Ондағы ойымыз, Талқала меші­тінің сол кездегі бас имамы – Ед­рес Сүйінбаевтың көмегімен Хан тауы мен Хан жайлауын тағы бір рет іздестіру. 

Талқалаға жеткенде бір үлкен кісі қайтыс болып, соның асының үстінен түстік. Маңайдан көп ел жиналған екен. Ас аяқталғаннан кейін мен сөз алып, өзімізді таныс­тырдым. Келген мақсаттарымызды, Хан тауы мен Хан жайлауын іздеп жүргенімізді айттым. Ел үндемейді, біразы ондай жерді білмейміз  дейді. Енді не қылдық, деп отырғанда, бір шағын бойлы, шамасы елулер­ден асқан, бидай өңді бір кісі, ұмыт­пасам есімі Орынбай болуы керек, «мен Хан жайлауы деген жерді біле­мін. Оның бергі жағындағы төбе – Хан төбесі деп аталады. Ол төбені қариялар «қасиетті» деуші еді. Өйткені ол төбенің ең басында Жағалбайлының небір бабалары жерленген. Бала кезімде сол төбенің маңында талай қой бақтым. Баяғыда осы маң бір шаруашылықтың жері болғанда Хан төбесінің маңына қыстап та жүрдік. Шаруашылықтар жерді бөліп алғаннан бері қарай талай жыл болды, ол жерге бармаймыз. Хан төбесі мен Хан жайлауы тіпті алыс та емес. Ескі Екатерина жолымен жүрсеңіз, бар болғаны он шақты шақырым ғана. Тау жолымен жүре алатын көліктерің болса, жол көрсетейін...». 

Іздегеніміз таяқтастам жерде жатқанын біліп, біз де қуанып қал­дық. Верхнеуральск мешітінің бас имамы Едрес Сүйінбаев бас­тап жолға шықтық. Қала сыртына шы­ғып, шағын бір сайдан өткеннен кейін ескі Екатерина жолына түстік. 

Жарты сағаттан кейін жолбас­шы жігіттер, бізді қуант­қы­лары келгендей: «Келдік. Ана­ көрі­ніп тұрған Хан төбесі, батыс­ жағы­мызда, төменде Ақжайық өзе­ні», деп жатыр. Машинаның сол жү­рі­сімен төбенің басына да жет­тік.­ Түсіп қарасақ, Хан төбесі батыс жағынан жортып шығатын ша­ғын ғана төбе екен де, солтүстігі мен шығысынан қарағанда, тік тү­се алмайтын, кәдімгідей биік тау.­ Ал сол таудың етегінен бас­та­­­лып, солтүстігі мен шығыс жа­ғын­да созылып жатқан көлемді жа­зық – Хан жайлауы отыз-қырық ша­қы­рымға дейін алақандағыдай көрінеді. Бабаларымыздан қалған мұраны өз көзімізбен көргендіктен, бірімізді-біріміз құшақтап, қуанысып жатырмыз. Мен таудың солтүстік жағынан сүріне-жығыла етегіне түсіп, таудың биігіне көз тастағанда түсін­генім, ескі тау халықтарының салты бойынша қорымдар оның етегіне, орта шеніне және басына ор­наласқан екен. Соған қарағанда, жағал­байлылар бұрын таулы өлкеде тұр­ғанға ұқсайды. Ал бұл жерге жүздеген жылдар бұрын келген олар, қанша уақыт өтсе де өзде­рінің бұрынғы салт-саналарын ұмыт­паған сияқты. Таудың басына шық­қанда көргенім, Хан тауының ұшар басына да үш-төрт адам жер­леніпті. Ертедегі тәртіп бойын­ша, қара халық таудың етегіне, ор­таңғы билеушілер мен батырлар таудың орта кезеңіне, ал ұлы адамдары таудың ұшар басына жерленеді. Сонда таудың ұшар басына жерленген кімдер екен? Әрине, біздің бабаларымыз!    

Осылайша жетірудың туы тігіл­ген Хан тауы мен Хан жайлауын,­ Сегіз сері ақынның таудың етегінде шалғында отырып, «Қыз Жібек» жы­рын қағазға түсірген жерін кө­ріп, оны фотосуретке түсі­ріп, баба­ларымызға тағзым етіп, Қос­танайға оралдық.

Базарбай бай билік құрған, Төле­ген мен Сансызбайдың туып-өскен, ержеткен, Жібек анамыздың келін болып түскен, Сегіз сері ақынның елдің сұрауымен бүкіл қазақтың мақ­­танышына айналған «Қыз Жі­бек» жырының алғашқы жолдарын қағаз бетіне түсірген жері, бұл – Хан тауы.

* * *

«Қыз Жібек» жырының авторы атақ­ты Сегіз сері Бескүректердің бас­тапқы шежіресін былайша тарқатады. Жағалбайлы-Ілез-Бес­күрек-Қарабатыр-Айбат мырза-Базар­бай-Төлеген болып келеді. Біз Төлегеннен Төс батыр деп қос­тық. Ал Жанқасқа қайдан шық­ты? Ол Шекті-Жағалбайлының ұлы­ларымен бірге, Сегіз серіге ұсыныс жасап «Қыз Жібек» дастанын неге жаздырып жүр?

Сегіз сері: 

Өтініп айтқаннан соң ер Арыстан, 

Сөз қалмас біз сияқты жолбарыстан, 

Сұрады жырлауымды 

Жанқасқа да,

Қалсын деп, ұрпақтарға сізден дастан...

(сонда. 67-бет.).

Қалың Жағалбайлының ішінен ақынға жырды жазуға өтініш жасап жүр­гені, Жанқасқаның Базарбай мен Төлегенге, Сансызбайға, Төс ба­тырға бір жақындығы болғаны болар. Жақын ғана емес, тіпті солар­дың, яғни қазақтың белгілі ба­тыры Төс батырдың ұрпағы да болуы мүмкін. Менің Баянғали бауырым – Баянғали Құлтаев, ауылдағы – Ойсылқарадағы, Ақтөбе маңындағы ақсақалдардың айтуларына қарап, есептей келіп, Жанқасқа бабамыз Төс батырдың төртінші ұрпағы, деп түйіндепті. Несі бар, болса болар... Ол, ол ма. Баянғали бауырым Бо­жыр қорасының әңгімесін айтып, сол қораның маңы Төс батырдың да, Жан­қасқаның да, Арынғазының атасы Беркінбайдың да ауылдарының көштері тоқтаған, қонған жері еке­нін жыр етіп айтып берді. Егер олар бір ауылдың, бір атаның ұлдары бол­маса, бәрі неге бір жерге жиналады, ғасырдан-ғасырға бір жерде тұрады, деп дәлел де айтады. Шы­нын­да да келісетін-ақ дәлел.

Арынғазы демекші, Көтібар ба­тыр кесенесінен басталып, Арын­ғазының қатысуымен бабалар басына салынған кесене, ескерт­кіштер саны бүгінде жиырмадан асыпты. Олардың басы Әйтеке би­дің кесенесі болса, соңғысы өт­кен жылы ғана тұрғызылған Дербі­сәлі Беркінбаевтың Хром­тау қаласындағы ескерткіші. Арын­ғазының аты белгілі спортшы, ел бас­қару жөніндегі үлгілі істері, бел­гілі кәсіпкер екені де бір басынан асып артылады. Иә, бұлардың барлығы айтуға оңай болғанымен, жеке адамдардың қолдарынан келе бермейтін елдік мәні бар қы­руар іс. Бұл бұл ма, Арынғазы 1993 жылы Ресей Федерациясы Үкіме­ті­нің жанындағы Халық шаруашы­лығы академиясын, одан кейін Гер­манияның басқару академия­сын тәмамдап, елге оралғаннан кейін қызмет еткен мекемелері де ке­ре­мет. Арынғазы басқарған құры­лыс мекемесі Астанадағы елшілер қалашығының құрылысын басынан бастап, салғаны да белгілі. Ол Хорватия елінің Қазақстандағы құр­метті консулы қызметін де қа­тар атқарады. Ең соңғысы, тіпті ке­шегі тамыз айында Каспий жаға­лауы елдері президенттерінің бас қосуларына орай Ақтау қаласын адам танымастай абаттандырып жүр­ген де Арынғазы басқарған мекеме құрылысшылары. 

 Бір реті келгенде мен Арын­ғазыға осы айтылған тарихты толы­ғымен түсіндіріп, сенің ата тегің сонау Базарбай, Төлеген, Сан­сызбай, Жібек анамыздан тарайды. Сен солардың ұрпағысың, сен ғана емес, Ой­сылқара жерінен та­рай­тын барлық бескүректер Жі­бек анамыз бен Сан­сызбай, оның ұлы Төс батырдың тікелей ұрпақ­тарысыңдар, сендердің ата-баба­ларыңның ту тіккен жері Жайық жағасындағы Хан тауы мен Хан жай­лауы, дегенімде, ол біраз ойланып отырып, «аға, уақыт тауып мені сол жаққа бастап барыңызшы», деп өтініш жасап еді. Сол жолы бер­­ген уәдемді орындап, арасында Арын­­ғазы Қалжанұлы Беркінбаев бар шағын топты басқарып, Ресейдің Челябі облысындағы Верхнеурал қаласына кезекті рет сапарлап қайттық.

* * *

Қыз  Жібек келін боп түскен жер туралы, Төлегеннің інісі Сан­сызбай мен Жібек анамыздан та­райтын Төс батыр ұрпақтары жайлы әңгімеміз осындай. Сансызбайдың екі ұлы бол­ған. Екіншісінің аты Тасбалта ба­тыр. Бүгінде Қазақстанның бір бұрышында Тасбалтаның да ұрпақ­тары жүрген болар. Көздері ашық, көкіректері ояу азаматтар болса, редак­ция арқылы бізбен хабарласу­ларына болады.

Қуанышбай ОРМАНОВ,

Қостанай облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

16.02.2019

Сапарбаев: Бірде бір бала назарсыз әрі қамқорсыз қалмауы керек

16.02.2019

Головкин былғары қолғабын шегеге іле ме?

16.02.2019

Астана қаласы мен үш облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды

16.02.2019

Қарағандыда NASА кездесу өткізді

16.02.2019

БҚО-да көп балалы отбасылар мәселесін шешуге қосымша 500 млн теңге бөлінеді

16.02.2019

Қарағандыда полицияның 200 қызметкері волейбол ойнады

16.02.2019

Қарағанды облысында мектеп жабылып қалды

16.02.2019

Демалыс күндері боран соғып, жауын-шашын болады

16.02.2019

Оралда радиатор зауыты ашылады

16.02.2019

Баянауылда аудандық қысқы спартакиада өтті

16.02.2019

Биыл Батыс Қазақстан облысында 5 жатақхана құрылысы басталады

16.02.2019

Батыс Қазақстан облысында өңір басшысының есебі басталды

16.02.2019

Павлодар облысының әкімі жаңа орынбасарларын таныстырды

16.02.2019

Бүгін Болгариядағы турнирде Қазақстан боксшылары алғашқы жекпе-жектерін өткізеді

16.02.2019

СІМ және «Атамекен» ҰКП инвестициялық және экспорттық бағыттағы жұмысты үйлестіруді күшейтуде

16.02.2019

WGS төрағасы: Үкіметтер өздерінің бизнес-модельдерін қайта ойлап табуы керек

16.02.2019

Ресей сауда алаңдарында қазақстандық компаниялардың белсенділігі артты

16.02.2019

Алматыда «Қазақстан университеттері халықаралық аренада» тақырыбында семинар өтті

16.02.2019

Майдангер-жазушы Леонид Гирш 95 жасқа толды

16.02.2019

Алматыда студенттер арасында «IITU Robocon 2019» робототехника чемпионаты өтті

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сейфолла ШАЙЫНҒАЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Elorda: kósheler, avtobýstar, aıaldamalar

Astana jyl sanap ósip keledi. Bir kezderi oblys ortalyǵy bolǵan shaǵyn ǵana qala az ýaqyttyń ishinde elimizdegi iri shaharlardyń qataryna qosyldy. Munyń bári qarqyndy júrgizilgen qurylys jumystarynyń nátıjesinde júzege asyp otyr. Ras, qazir 2000 jyldardyń basyndaǵydaı ekpin joq. Degenmen áli de bolsa jańa ǵımarattar men turǵyn úıler turǵyzý isinde alǵa basý bar. Bas qala, jańadan turǵyzylyp jatqan elorda bolǵandyqtan, qurylys jumystarynyń jalǵasa beretinine kúmán joq.

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Oqıǵalar uǵymdy bolsa ıgi

Tildiń túıtkili qansha aıtsaq ta tarqamaıtyn boldy. Burynǵydaı eshkim zorlamasa da, eshkim tizege salmasa da, ana tilimizde sóıleıik dep urandap jatsaq ta, halqymyzdyń qalada turatyn negizgi bóligi únemi orys tilin qoldanýǵa beıil turatyny qynjyltady. Úlkender túgili qazaqsha oqıtyn balalarymyzdyń ózi orysshany tez qabyldaıdy. Qazaqsha oılanǵansha oryssha jyp etkizip jaýap bere qoıady. Eshkimdi kinálamaı, eshkimdi qaralamaı osynyń sebebin taǵy bir izdep kórelikshi...

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdikke bala ǵana kináli me?

Sońǵy kezderi mektep oqýshylarynyń arasynda sotqarlyq órship barady. Teledıdardan kórip, áleýmettik jeliden oqyp otyrǵanda, olar mundaı qatygezdikke qalaı bardy degen saýal kókeıdi tebendeı tesip, oıdy oıran etedi. 

Александр ТАСБОЛАТОВ, «Егемен Қазақстан»

Keleli istiń paidasy

Búginde ár kólikke tirkelip beriletin memlekettik nómirlerdiń deni jappaı satylymǵa shyǵaryldy. Olar birkelki sandar men úılesimdi áripter tizbeginen quralǵandyqtan birden kóz tartady. Ony halyq arasynda «ádemi nómirler» deıdi. Atalǵan nómirlerdi alýǵa júrgizýshiler de yntyq. Ásirese qymbat kólik ıeleri úshin sándi nómirdi taǵý, ózine bir artyqshylyqty beretindeı kóredi. Endeshe bul nómirlerdi satylymǵa shyǵarǵannan kim utyp jatyr dep oılaımyz?

Мирас Асан, «Егемен Қазақстан»

Qumar oıynnyń quryǵy uzyn

«Aıdalada altyn bar» dese, soǵan birinshi qandastarymyz baratyn shyǵar dep oılaıtyn halge jettik. Bulaı deýimizge qoǵamda qordalanyp qalǵan, ordalanyp alǵan máseleler mysal bola alady. Sonyń biri – báske aqsha tigý, ıaǵnı býkmekerlik keńselerdiń keleńsiz kásibi bolyp tur. Jalpy, ózi jarymaı otyrǵan jannyń «úıde otyryp ońaı aqsha tabý jolyn úıretemin» degenine erip kete beretin ańqaý bolatynyna ekenine búginde kózimiz ábden jetti. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікір қосу