Өнер • 11 Қазан, 2018

Аға ұрпақ жастарға сенім артады

329 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру міндеттеріне арналған Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы жаңа белестерге жол ашып отыр.

Аға ұрпақ жастарға сенім артады

Бүгінде мәдени әлеуетті да­м­ыту әлемнің көптеген мем­ле­кеттерінің негізгі даму ба­сым­дықтарының қатарына жататыны белгілі. Астана қаласы Суретшілер одағында өткен алқалы жиында ел Прези­ден­тінің Жолдауы аясындағы ат­қа­рылатын шығармашылық және өндірістік мүмкіндіктер мен мәдениеттің рөлін арттыру жөнінде сөз болды. 

Астана қаласы Суретшілер одағының басқарма төрағасы Жанұзақ Мүсәпір Жолдаудағы шығармашылық қауымға қа­рата айтылған міндеттемелер жаңа бағыт-бағдарды айқындап отырғанын айтты. «Қоғамның басты байлығы – адам болса, сол адамды тәрбиелейтін мәдениет пен өнер. Мемлекет басшысының жыл сайынғы жол­даулары еліміздің рухын асқақтатып, күш-қуатын бі­­­рік­тіретін маңызды құжатқа айналды», деген басқарма төр­ағасы аталған реформаларды жүзеге асыруда әркімнің өз рө­лін айшықтаудың маңызы тура­лы сөз қозғады. Ал Қазақстан­ның еңбек сіңірген қайраткері Ерлан Айтуаров еліміздегі мә­дениет саласын дамытудың жал­пы қағидаттары мен жетіл­ді­ру жүйесі турасында айтып өтті. 

Жиынға қатысушылар әлеу­меттік-мәдени орта қалып­тас­тыру бойынша тың ойларымен бөлісіп, халықаралық көрме­лер мен симпозиумдарға қатысу, әсіресе жастар үшін шығарма­шы­лық шеберхана құру және аға ұрпақты біріктіру сынды ұсы­ныстарын ортаға салды.

Ая ӨМІРТАЙ,

«Егемен Қазақстан»