Әдебиет • 11 Қазан, 2018

Шерхан Мұртазаны еске алды

507 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Кеше Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Қазақ қарасөзінің қызыл жебесі» атты Қазақстанның халық жазушысы, публицист, қоғам қайраткері Шерхан Мұртазаны еске алу кеші өтті.

Шерхан Мұртазаны еске алды

Шараға қаламгердің көзін көрген үзеңгілес, замандас достары, әріптестері, ағалық қамқорлығы мен шарапатына бөленген рухани інілері мен шәкірттері қатысып, қа­зақ баспасөзі мен әдебиеті баһадүрінің адами болмысы, өмірі мен шығармашылығы жөнінде жан-жақты естеліктер айтылып, қайраткер тұлғаның қоғамдық қызметтегі еңбегіне тұщымды баға беріліп, азаматтық ұстанымы мен тұлғалық болмысына баса тоқталды.

Сондай-ақ іс-шара барысында жазушының көркем әдеби дүниелері мен публицистикалық шығармалары топтастырылған көрме ұйымдас­тырылып, қалам иесі кезінде қызмет еткен «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш»), («Со­циалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газеттері мен «Жалын» және «Жұлдыз» журналдарының сарғайған архивтік тігінділері де Шерхан Мұртаза әлеміне бас иген оқыр­мандардың назарына ұсынылды. Еске алу кешінде тұлға жайлы әсерлі естеліктер айтылып, деректі фильм көрсетілді.

Назерке ЖҰМАБАЙ, 

«Егемен Қазақстан»