Әлем • 11 Қазан, 2018

Еуроодақ: келісім бар, шешім жоқ

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Ұлыбритания министрлер кабинеті «Брексит» мәселесін талқылайды, деп хабарлайды Euronews.

Еуроодақ: келісім бар, шешім жоқ

Еуроодақ саммитіне дейін екі тарап ортақ келісімге келеді деген болжам бар. Еуропа одағының ішкі сауда комиссары Мишель Барнье де мұны растап отыр. Өз хабарламасында Барнье: «Ұлыбритания келісімнің 168 бөлімі мен Гибралтар, Кипр, Ирландия хаттамасының 80-85%-мен келісті», деді. 

Дегенмен, басты мәселе – Ирландия мен Солтүстік Ирландия шекарасы. Өйткені, екі жақ ортақ мәмілеге келмеді. Тығырықтан шығу үшін Ұлыбританиядан импортталған тауарларды кедендік бақылаудан өткізу шарасы ұсынылды. Алайда, бұны ағылшындар мемлекеттің егемендігіне қол сұғу деп қабылдауда.

Солтүстік Ирландия халқы Британия премьер-министрі Тереза Мэй Брюссельге мұндай мүмкіндік берсе, консерваторлармен біріккен саяси одақты бұзып, мемлекеттік бюджет жобасына қарсы дауыс жинайтынын айтты. Бұл өз кезегінде мемлекетті дағдарысқа алып келуі мүмкін.

Естеріңізге салсақ, алдағы апта Еуропа одағының саммиті болады. Саммит барысында Лондон мен Брюссель келісімі талқыланбақ.