Жолдау жастарға жауапкершілік жүктейді - Еркебұлан Мәмбетов         

Елбасы халыққа арнаған Жолдауында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асырудың нақты жолдарын  белгілеп берді. Олардың ішінде ауыл кәсіпкерлеріне шаруашылық жүргізудің  жаңа дағдыларын үйрету үшін жаппай оқыту жүйесін енгізу міндетіне айрықша назар аударылды. Бұл мәселе ауылдықтар үшін өте өзекті. Енді осы мақсаттарға жыл сайын қосымша 100 миллиард теңге қарастырылып отырмақ. Осылайша аграршыларды көптен бері толғантып келген түйінді проблема өз шешімін тапқаны қуантады.

Егемен Қазақстан
11.10.2018 2750
2

Десек те, ойласатын жайттар әлі де аз емес. Солардың кейбіріне тоқтала кеткенді жөн көрдім. Біріншіден, бүгінгі күні екінің бірі шағын және орта бизнеспен шұғылданғысы келеді. Ондағы ойлары–жеңілдікті бағдарламаларға қатысу, қайтарымы төмен несие алу. Қағаз бәрін көтереді демекші, бизнес-жоспарлардан мін табу қиын. Алайда, ынта-талаптары құптарлық болғанымен, кейбірі нақты экономиканың қыр-сырын білмегендіктен, маңдайы тасқа тигендей күй кешіп жататыны жасырын емес.

Оның бір себебі, тәжірибенің жоқтығы және де бизнесті тек пайда табу көзі ретінде ғана түсінетіні. Мемлекетпен бірлесіп, халыққа сапалы қызмет көрсету ұмтылысын кей кездері естен шығарып жатады. Жас буынды осындай қате түсініктерден арылту мүмкіндіктерін алдағы уақытта көпшілік болып қарастыған абзал. Меніңше, жоғары оқу орнын бітірген маман бірден лауазымдық қызметке ұсынылмай  алдымен өндіріс орындарында кәсіби шеберлігін шыңдау секілді еңбек сатыларынан өткені жөн. Бойларынан жұмысқа деген табандылығы,тапсырылған іске жауапкершілігі, ұйымдастырушылық қабылеті сезіліп тұрса,  мұндай білікті кадрлардың сұранысқа ие болары, жерде қалмасы  анық.

Біздің серіктестікте еңбек ететін мамандардың  үштен бірі–жастар. М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетімен жасалған екі тараптық келісімге сәйкес тегін оқытамыз. Оқу бітіріп келген соң кемі бес жыл жұмыс істеу міндеттеледі. Осы аралықта шаруашылықты басқаруға қатыстыру, ысылып-шынығу тетіктері жан-жақты жүргізіліп, сөзіне ісі сай толыққанды маман ретінде тәрбиеленеді. Араларында сенімді ақтап, жақсы қызметтте жүргендер аз емес.

Жастардың елді мекендерге баруы сирексіп кетуінен мамандар жасының ұлғайып бара жатқаны алаңдатады.  Әсіресе, тракторшы, комбайншы секілді мамандықтар өте тапшы, жасы егде тартып қалған азаматтар атқарып жүр. Олар ертең зейнетке кетсе, орнын басатын, ауыстыратын ізбасарлар табу қиын. Бұл мәселе бізде шешімін тапқанымен, көптеген ауылдарға осы көрініс тән. Түркістан облысынан көшіп келген бір жас отбасыны Меңгесер ауылына механизатор етіп орналастырып, үй-жаймен, малмен қамтамасыз еттік. Келіншегі балабақшада жұмыс істейді. Жеңілдікті несие алуға да көмектестік. Екеуі де іскер. Қосалқы шаруашылықпен де айналысады.

Бұл бастаманы «Ақселеу» ЖШС-нің директоры Серік Малаев қолдағанымен, белсеніп шыққан басшылар қатары аз. Жолдауда атап көрсетілгендей оқу бітірген студенттердің жұмыспен қамтылуы, жалақысы жоғары  жұмысқа орналасуы  жоғары оқу орнының табыстылығын бағалаудың басты критерийі десек, жас мамандардың тұрмыс сапасына көңіл бөлу, олар үшін өмір сүруге жайлы орта қалыптастыру ел ертеңін ойлау деген сөз.

Жолдауда жастар мен отбасы институтын кешенді қолдауды мемлекеттік саясаттың басымдығына айналдыру талабы қойылды. Келесі жыл Жастар жылы деп жарияланды. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды өңірлік деңгейде іске асырудың маңызы айрықша.

Еркебұлан МӘМБЕТОВ,

«Мәмбетов және К» командиттік     

серіктестігінің бас директоры

Солтүстік Қазақстан облысы

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

17.10.2018

Мемлекет басшысының Финляндия Республикасына ресми сапары жалғасуда

17.10.2018

Kazakhstan Fashion Week сән апталығы басталды

17.10.2018

«Орда» бағдарламасы-әлеуметтік жағынан аз қорғалған отбасылардың үлкен үміті

17.10.2018

Алматы облысында 100 учаскелік полиция пункті ашылды

17.10.2018

Бүркіттің балапандары еркіндікке жіберілді

17.10.2018

«Барыс» «Автомобилисті» ұтты

17.10.2018

Кукушкин «Кремль кубогында» Донскойға есе жіберді

17.10.2018

Аргентинада үш боксшымыз финалға шықты

17.10.2018

Атырауда 2500 пәтер орталық жылу жүйесіне қосылады

17.10.2018

Маңғыстауда күйші қыз-келіншектер байқауы басталады

17.10.2018

Жұмекен жырларын жатқа оқыды

17.10.2018

Солтүстік Қазақстанда Қожаберген жырауға ескерткіш орнатылды

17.10.2018

Дарындылар топ жарды

17.10.2018

Суретшілер симпозиумы

17.10.2018

Амангелді батырдың туы қандай болған?

17.10.2018

Ел әкемді әулиедей көруші еді

17.10.2018

Машина жасау саласында өзара әрекеттесу және ынтымақтастық меморандумына қол қойылды

17.10.2018

Даладай дарқан, таудай заңғар

17.10.2018

«Алтын тамыр» – аймақ тарихының айнасы

17.10.2018

Алтай сынды ұлы тауды ұлықтауға тиіспіз!

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Сүлеймен МӘМЕТ, «Егемен Қазақстан»

Urpaq azsa – ultqa qater

J.Aımaýytov pen M.Áýezov keıbir qazaq mineziniń minin, sol mindi kórip ósken balanyń jamandyqqa salynatynyn 1917 jyly «Alash» gazetinde jarıalaǵan maqalasynda: «Ultym», – dep oqyp shyqqandar halyq arasyna kelse, qaraıa bastaıdy» dep, artynan: «Saıyp kelgende, qazaqta qalyp turǵan ózgeshe minezder: tili aıtqandy qoly qylmaıtyn – turaqsyzdyq, uıymsyzdyq, basynan aspaıtyn – ózimshildik, ezdik» depti. 

Сұңғат ӘЛІПБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Megapolıster múmkindigi

Elbasy «Qazaqstandyqtardyń ál-aýqatynyń ósýi: tabys pen turmys sapasyn arttyrý» atty jańa Joldaýynda elimizdiń aýmaqtyq damýyna jańa tásilder engizýdi qamtamasyz etý qajet ekendigin aıta kele: «Búginde jetekshi elderdiń ekonomıkasy kóbine jahandyq qalalar nemese megapolıster arqyly tanylady.

Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан»

Izgilikke shaqyrý iriliktiń belgisi

Bıylǵy 10-11 qazan kúnderi Astanada ótken Álemdik jáne dástúrli dinder kóshbasshylarynyń dástúrli siezi óziniń halyqaralyq aýqymdaǵy asa mańyzdy únqatysý alańy ekenin taǵy bir ret dáleldedi.

Арнұр АСҚАР, «Егемен Қазақстан»

Jer emgender oza ma, toza ma?

Jalpy, bizdiń halyqtyń arman-maqsatynyń bir ushyǵy qashan da jermen baılanysty sıaqty. Jerdi keńeıtý, jerdi qorǵaý, jerdi óńdeý, jerdi qurmetteý... Mentalıtetimiz jerge jaqyn. Bul basqa halyqtarda olaı emes degen sózimiz emes, biraq bizdiń halyq úshin tym erekshe sıaqty. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

Qatygezdik vırýsy

О́tken ǵasyrdyń 80-jyldary rejısser R.Bykovtyń «Chýchelo» atty fılmi Odaq kólemindegi búkil eldi shýlatqan bolatyn. Kishkentaı ǵana 6 oqıtyn balalardyń boıynan sonshalyqty qatygezdikti kórgen qazaq qaýymy, bálesinen aýlaq, qalada ósken ózge ulttyń qatybastary ábden buzylyp ba­rady eken, bizdiń balalarymyzdan, keleshegimizden aýlaq dep shoshyǵan. Ol kezde mundaı zulymdyq qazaq balasynda kezdespeıtin jat qylyq sanalatyn. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу