Қазақстан • 11 Қазан, 2018

«Союз МС-10» ғарыш кемесі апатқа ұшырады

802 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан «Союз МС-10» ғарыш кемесі апатқа ұшырады, деп хабарлайды bbc.com

«Союз МС-10» ғарыш кемесі апатқа ұшырады

Байқоңыр ғарыш айлағының Гагарин старт алаңынан «Союз МС-10» кемесін алып шығуы тиіс «Союз ФГ» зымыран тасығышы ұшырылды. Алайда бірнеше минуттан кейін Роскосмос сайтындағы тікелей көрсетілім үзіліп, диктор «зымыран тасығыштың апатқа ұшырағанын» хабарлады.

Бортта ресейлік космонавт Алексей Овчинин мен америкалық астронавт Ник Хейг болған. Ресей ғарыш саласы өкілдерінің айтуынша, экипаж мүшелері аман, апаттық түрде шамамен Қазақстан аумағына қонады.

Экипаж құлаған жерге іздестіру-құтқару машиналары келіп жетті. Зымыранның не себепті құлағаны әзірге белгісіз. Қазір Байқоңырда апаттық жағдай жөніндегі комиссияның отырысы өтіп жатыр.