Әлем • 11 Қазан, 2018

Өзбекстан нарықтағы бәсекелестікті арттыру үшін жаңа заң жобасын қабылдайды

396 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстанның Экономика министрлігі «Сауда нарығындағы бәсекелестікті арттыру мен сауданы ырықтандыру жөніндегі шаралар» заң жобасын ұсынды, деп хабарлайды Өзбекстанның экономика министрлігі.

Өзбекстан нарықтағы бәсекелестікті арттыру үшін жаңа заң жобасын қабылдайды

Жобада «2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап көтерме сауданы жүргізуге лицензия және көтерме сауда кәсіпорындарына салық салудың ерекше тәртібі туралы талаптарды жою туралы экономика министрлігінің, қаржы министрлігінің, Өзбекстан Республикасы мемлекеттік комитетінің ұсыныстарымен келісілсін", делінген.

Бұдан басқа, кәсіпкерлер мерзімі өткен дебиторлық қарыз үшін санкциялардан, ішкі нарықтағы келісімдер бойынша алдын ала 15% төлемнен және табиғи газды шамадан тыс тұтынғаны үшін айыппұлдан құтылады. Сондай-ақ, 1 қазаннан бастап заңды тұлғаларға сатып алу-сату шарттарын жасамастан корпоративтік банктік карталармен қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға рұқсат етілді